ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕРІН АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ОҚЫТУ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ
Мемлекет басшысының үш тұғырлы тіл саясатын іске асыру мақсатында Арал ауданының екі бірдей мектебінде жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқыту қолға алынып отыр, деп хабарлады seykhuninfo.kz.
Яғни, жаңа оқу жылынан бастап Арал қаласындағы №62 мектеп-лицейде математика пәні, сонымен қатар, №14 мектеп-лицейде ағылшын тілі пәні эксперимент ретінде ағылшынша оқытылатын болады.
Жаңа білім реформасын іске асыруға дайындық ретінде қолға алынған бұл бастамаға Арал ауданы әкімдігі мен «KATEV» қоғамдық қоры арасындағы ынтымақтастық негіз болды. Нәтижесінде аудан орталығына «KATEV» қоғамдық қорынан 2 мұғалім алдырылды. Қазір олар өз жұмысын бастап кетті. Алдағы уақытта да қоғамдық қордан мұғалімдер шақыру жоспарда бар.
Айта кетейік, 2019 жылдың қыркүйегінен бастап елімізде химия, физика, биология және информатика пәндері ағылшын тілінде оқытылады. Осыған орай Арал ауданы облыс бойынша алғашқы болып дайындық жұмыстарын бастады.