АРАЛ АУДАНЫНДА ФОРУМ ӨТТІ
Қызылорда облысының Дін істер басқармасы және облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Арал аудандық мәдениет үйінде «Дін бірлігі-Тәуелсіздік тірегі» тақырыбында форум болып өтті.
Форум барысында Қызылорда облысының дін істер басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Б.Камалов, осы орталықтың бас маманы, дінтанушы Қ.Мурзабеков, облыстық жастар одағы директорының орынбасары С.Әбіл, Арал аудандық орталық мешіттің бас имамы М.Әбішұлы баяндама жасап, дін мәселелері жөнінде кеңінен түсінік берді.
Форум соңында қатысушылар жас егеменді мемлекеттің тұғырлы жетістіктерін ұғынудағы, аймағымыздың әлеуметтік маңызды институттарының бірігуі жолында форумның маңызды қадам болғанына сенім білдіріп, форум үндеуі қабылданды.
Фариза ОМАРОВА