АРАЛ АУДАНДЫҚ СОТЫНДА БАСПАСӨЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
Жуырда Арал аудандық сотында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары «Толқын» газеті және «Құрылтай» газеті өкілдерінің қатысуымен 2014 жылдың бірінші жартыжылдығында сот әділдігін жүзеге асыруда атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өткізілді.
Сот төрағасы Тұрбаев Ермек Боранбайұлы 2014 жылдың бірінші жартыжылдығында аудандық сотпен атқарылған жұмыстарға тоқталып, 2014 жылдың 6 айында аудандық сотта барлығы 1408 іс қаралғанын, оның ішінде 78 қылмыстық іс, 347 азаматтық іс және 983 әкімшілік істер екенін, ал өткен жылдың 6 айында барлығы 1187 іс қаралғанын, осы есептік кезеңде қаралған істер саны 221 іске көбейгенін, қылмыстық істер бойынша жалпы қаралған істердің басым көпшілігін Қылмыстық Кодексінің 175 бабында көзделген бөтен мүлікті жасырын ұрлау қылмыстары, сондай-ақ, жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін (киік, қарақұйрық) заңсыз алу, сатып алу, сақтау, өткізу, тасымалдау қылмыстары құрайтынын, ал азаматтық істер бойынша қаралған талап арыздардың басым көпшілігін некені бұзу туралы, қайтыс болу фактісін анықтау туралы, алимент өндіру туралы, сондай-ақ келісім-шарттардан туындаған даулар құрайтынын айтып өтті.
Бұдан кейін сот төрағасы медиация тәртібімен қаралған істерге тоқталып, есепті кезеңде 31-қылмыстық іс, 7-азаматтық іс, барлығы 38 іс медиация туралы келісімге сәйкес қысқартылғанын айтты.
Журналистер қауымы төрағаға сауалдар қойып, нақты жауаптарын алды.
Шара соңында сот төрағасы Е.Тұрбаев БАҚ өкілдеріне алғысын білдіріп, одан әрі бірлесе отырып жұмыс жасауға шақырды.
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі