АРАЛДАҒЫ АУЫЛДА ШАҒЫН МЕКТЕП АШЫЛДЫ
Арал ауданына қарасты Жіңішкеқұм ауылында жаңа 100 орынды №230 орта мектебінің ғимараты ашылды, - деп хабарлады «Нұр Отан» партиясы филиалының баспасөз қызметінен.
Ғимарат құрылысына облыстық бюджеттен 314 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары 2014 жылы мамыр айында басталған болатын. Заманауи талапқа сай мектептің ашылу салтанатына «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары И.Құттықожаев және Арал ауданының әкімі А.Мұхимов қатысты.
- Бұл мезет баршаңыз үшін ерекше есте қалары сөзсіз. Ендеше, жаңадан бой көтерген білім ұясы ел ертеңінің тізгінін ұстап, сапалы білім нәрімен сусындаған, көзі ашық, көкірегі ояу жас буын өкілдерін биікке ұшырсын, - деп И.Құттықожаев ізгі тілегін жеткізді.
А.Мұхимов та мектеп табалдырығын аттаған оқушылар, ата-аналар мен ұстаздар қауымын қуанышымен құттықтады.
- Мектеп жанындағы интернат ғимаратының жағдайы да сын көтермейді. Осыған байланысты «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы арқылы оның күрделі жөндеуіне 10 млн. 800 мың теңге бөлінді. Құрылыс жұмыстары қыркүйек айында басталады, - деді аудан басшысы.