ТОЛАҒАЙҒА АРАЛДЫҚТАР ТҰЛПАР МІНГІЗДІ
XXXI жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, ауыр атлет Александр Зайчиков Арал ауданында болды, - деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметінен.
Ел мерейін үстем еткен Сыр толағайын Арал халқы зор қошеметпен күтіп алды. Салтанатты жиында аудан әкімі Абзал Мұхимов Александр Зайчиковтің бағындырған белесі Тәуелсіздіктің 25 жылдығына керемет тарту екенін жеткізді. Оған қазақы жоралғымен көрімдік ретінде тұлпар мінгізді.
Арал жұртшылығының құрметіне бөленген Александр жанкүйерлеріне қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтты. Оның жеке бапкері Арман Әбдіраев шәкіртінің алда әлі талай белестерді бағындыратынына сенім білдірді.