МЕКТЕПКЕ БАРАТЫН БАЛАЛАРҒА ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР ТАБЫСТАДЫ
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Арал аудандық бөлімі «Мектепке жол акциясы» аясында Арал ауданының кішкентай тұрғындары, алғаш мектеп табалдырығын аттаушы Серік Шадияр мен Үміт Шамырадиноваға қайырымдылық көмек көрсетті.
Жылда Білім күні қарсаңында ұйымдастырылатын қайырымдылық шарасынан ұжым тыс қалып көрген емес. Көп балалы отбасынан шыққан бүлдіршіндерге оқуға қажетті құрал-жабдықтарын табыстаған бөлім басшысының міндетін атқарушы Е.Ашықбаев балалардың деніне саулық, отбастарына амандық және де оқуда табысты болуларына тілектестік білдірді.
Көп балалы ана, күміс алқа иегері Ақылгүл Абылаева аудандық бөлімінің ұжымына алғыс білдірді.
Департаменттің баспасөз қызметі
Көп балалы ана, күміс алқа иегері Ақылгүл Абылаева аудандық бөлімінің ұжымына алғыс білдірді.
Департаменттің баспасөз қызметі