АРАЛДА ДОЙБЫДАН АУДАНДЫҚ ЖЕКЕЛЕЙ БІРІНШІЛІК ӨТТІ
«Нұр Отан» партиясының Арал аудандық филиалында Семей ядролық полигонының жабылғанына 25 жыл толуына байланысты Семей полигонының ардагерлері, еңбек ардагерлері мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында дойбыдан аудандық жекелей біріншілік өтті, - деп хабарлады аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жарысқа ниет білдірген 10 қатысушы тартысты ойын көрсетті. Аудан әкімдігі, дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырған жарыс қорытындысы бойынша С.Сарыбаев – 1-орын, Б.Нұржанов – 2-орын, Е.Өтешов 3-орынды иемденді. Жарыс жеңімпаздарына арнайы медальдар мен грамоталар табыс етілді.