ЖАЗАСЫН ӨТЕП ШЫҚҚАНДАРҒА ЖҰМЫССЫЗДЫҚҚА ТІРКЕЛУ ЖОЛДАРЫН ТҮСІНДІРДІ
«Қызылорда облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігі Арал аудындық ішкі істер бөлімінде «Жұмыссыздыққа тіркелу. Әңгімелесуден қалай өту керек?» тақырыбындағы семинар ұйымдастырды.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының тапсырысы бойынша өткен семинарда бірлестік заңгері М.Балғараев түзеу орнынан босатылып келген азаматтарға жұмыссыз ретінде тіркелу және есепке тұру жолдарын айтып берді. Жазасын өтеп шыққан азаматтармен пікір-алмасу жүргізілді.
М.Балғараев семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Талқыланған мәселелерді қорытындылап, ақпараттық-танымдық кітапшалар үлестірді.
М.Балғараев семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Талқыланған мәселелерді қорытындылап, ақпараттық-танымдық кітапшалар үлестірді.