КОНФЕРЕНЦИЯ РАДИКАЛДЫ ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ ҚАУІП-ҚАТЕРІ ТУРАЛЫ ӨРБІДІ
Аралда «Радикалды діни идеологиялардың мемлекет пен қоғамға төндірер қауіп-қатерлері» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияда ҚР МСМ дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының бөлім басшысы, бас ғылыми қызметкер Тұрар Әбуов баяндама жасады. Сонымен қатар«Сәләфилік ағымның шығу негіздері және идеологиялық ерекшеліктері» атты тақырыпта ҚМДБ-ның шариғат және пәтуә бөлімінің бас маманы, исламтанушы Бауыржан Әлиұлы, «Экстремизм мен терроризмнің маңызды мәселелері» тақырыбында аудан прокурорының орынбасары Е.Әмірбеков кеңінен айтты.
Белгілі исламтанушы, Оңтүстік Қазақстан облысындағы ҚМДБ-ға қарасты «Сарағаш медресе» колледжі директорының орынбасары Әбдіғаппар Сманов бөтен идеологияны меңзейтін ағымдардың бір ғана отбасынан бастап бүтіндей мемлекетке іріткі сала отырып, қауіп төндіретінін дәлелді мысалдармен түсіндірді.
Жергілікті ауыл молдалары, ақсақалдар және де жас буын өкілдері сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді.