ЖЕҢІМПАЗДАРҒА АВТОКӨЛІК ЖӘНЕ МОТОЦИКЛДЕР ТАБЫСТАЛДЫ
Арал ауданының Сексеуіл кентінде тәуелсіздіктің 25 жылдығы және Спорт күніне орай ұлттық ат спорты түрлері бойынша жарыс өтті.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, дүбірлі додаға Аралдан және Қазақстанның әр аймағынан, облыс аудандарынан 31 шабандоз қатысты. «Тай жарысы», «Құнан бәйгесі», «Топ бәйгесі» және «Аламан бәйгесі» бойынша топ жарған 1-орын иегерлері автокөлік және мотоцикл иеленді. Қалған 2, 3, 4, 5-орынды иемденген жарыс қатысушыларына 700 мың теңге мен 50 мың теңге аралығындағы ақшалай сыйлықтар табыс етілді.