ҰН ШЫҒАРУ ЗАУЫТЫ АЛҒАШҚЫ ӨНІМІН ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНА ЖӨНЕЛТТІ
Арал ауданында Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру мақсатында «Rannar» ұн шығару зауытының жұмысы қайта жанданып, кәсіпорын алғашқы өнімі – 500 тонна ұнды облыс орталығына жөнелтіп үлгерді.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, «Rannar» ЖШС негізгі шикізатты Ақтөбе облысынан тасымалдайды. Кәсіпорын қазір тәулігіне 140 тонна бидай тартып, одан 105 тонна ұн мен 35 тонна жем алатын дәрежеге жеткен. Зауыт басшыларының айтуынша, облыс тұтынушыларымен айына 3 мың тонна ұн, 1500 тонна жем беру жөнінде келісімшарт та жасалған.
Кәсіпорын директоры Асхат Шүйіншәлиев жоғарғы сапалы ұн шығаратын зауыттың жұмысын ары қарай дамыту мақсатында болашақта диверсификацияланған агрокешен салу жобасының қолға алынатынын айтып отыр.
«Егер бұл жоспар іске асып жатса, зауыттан шыққан ұн, макарон өнімдері Қызылорда облысын 100 пайыз қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, өнімнің 60 пайызын экспорттауға мүмкіндік туады», - дейді ол.