ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ТӘЖІРИБЕ АЯСЫН КЕҢЕЙТТІ
БҰҰ-ның Даму бағдарламасы Арал ауданының Қамыстыбас ауылдық округінде практикалық семинар-тренинг өткізді, - деп хабарлады аудан әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Семинар барысында Бішкек, Тараз, Астана қалаларында оқыған қолөнершілер Қызылорда облысының қолөнер шеберлерімен және Арал ауданының жұмыссыз қыз-келіншектерімен тәжірибе алмасты. Бұған қоса, БҰҰДБ-ның қолдауымен Бішкек, Тараз және Астана қалаларында оқып келген Ұлмекен Мауытова, Айдана Әлайдарова және Айсұлу Садықовалар шеберлік кластар көрсетті. Ұлттық терме алаша өнерін жаңғырту бойынша Абдуллаева Назипа және Бөденқұлова Қаныкүл апаларымыз тәжірибелерін бөлісті.