АРАЛДЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР АКЦИЯҒА АТСАЛЫСУДА
«Мектепке жол» акциясы басталған 16 күннің ішінде Арал ауданы бойынша 115 балаға көмек берілді, - деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Сексеуіл кенті, Жақсықылыш, Сапақ, Ақирек, Қосаман, Құмбазар ауылдарының тұрғындары мен кәсіпкерлері 420 мың теңге көлемінде қаражат жұмсап, тұрмысы төмен отбасыдан шыққан балаларға мектеп формасы, спорттық киімдер және оқу құралдарын сыйға тартты. Аудандық білім бөлімі мәліметінше, тұрмысы төмен отбасыдан шыққан 1-7 сынып оқушылары үшін тамыз айының соңында «Бақытты балалық шақ мекені» ұранымен қайырымдылық акциясы ұйымдастырылады. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған шараға 100 бала қатысады деп жоспарланып отыр.
2015-2016 оқу жылында «Мектепке жол» акциясы аясында 1605 балаға қажетті киімдер мен оқу құралдары сыйға тартылды. Оған 4188700 теңге көлемінде қаражат жұмсалған.