ШЕГІРТКЕ ШЕГІНЕР ЕМЕС
Ауыл шаруашылығы тақырыбын жалғастырсақ. Арал маңында италиялық прус және азиялық шегірткелер көбеюде, деп хабарлады www.khabar.kz.
Жайылымдарды жайпап өтетін жәндіктерді жою үшін биыл ауданның 61 мың гектар жері арнайы химикаттармен өңделді. Зиянкестерді залалсыздандыруға арнаулы автокөліктер мен дельтапландар пайдаланылды. Десе де шырылдауық шегірткелердің шегінетін түрі жоқ. Көп жылдық тәжірибеге сүйенген мамандар: «Зиянкестерге қарсы күресті әдеттегіден ерте бастау керек және дәрілеу жұмыстарына жұмылдырылатын техниканы екі есе көбейту қажет», – дейді. Шегірткенің тұқымы тез жетілетіндіктен, оларды қанаттанбай тұрып жою қажет. Сәбитжан Нұрғалиев, Арал аудандық Ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы -Шегіртке жылдан-жылға көбейіп келе жатыр. Сондықтан шегірткемен күресте уақытты көп созбай, дер кезінде техникасын көбейту арқылы күресу керек. Олар 1, 2, 3 бөлік болып шығады дейді. Бірақ сол үшінші ұрықтың шығуын күтпестен, бірінші ұрық шыққаннан бастап кірісе беру керек деп ойлаймыз. Сол кезде зиянкестердің ұшуына әрі қарай өсіп-өнуіне кедергі болады деп есептейміз.