ЖЕР РЕФОРМАСЫ ЖӨНІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Аралда республикалық жер реформасы жөніндегі комиссия мүшесі Самұрат Имандосов пен облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Қайрат Тоғызбаевтың қатысуымен қоғамдық кеңес отырысы өтті, - деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметінен.
С.Имандосов өзгерістер енгізілген Жер кодексіне байланысты Үкіметтің заңға бағынышты қосымша қаулылары шығатынын айтты. Яғни барлық үдеріс тек заң шеңберінде ғана жүзеге асырылады. Осыған байланысты аймақ тұрғындарына кодекске енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін арнайы жұмыс тобы құрылып, жұмыс атқарылып жатқанын жеткізді.
Жиын барысында қоғамдық кеңес мүшелері, аудан тұрғындары ұсыныс-пікірлерін жеткізіп, сұрақтарына жауаптар алды.