АРАЛ АУДАНДЫҚ СОТЫНДА 1138 ІС ҚАРАЛҒАН
Арал аудандық сотында 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында сот әділдігін жүзеге асыру бағытында атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өтті.
Баспасөз мәслихатында сот төрағасы Е.Тұрбаев 2016 жылдың 6 айында аудандық сотпен атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Аталған кезеңде аудандық сотта барлығы 1138 іс қаралған. Оның ішінде 56 қылмыстық іс, 448 азаматтық іс және 634 әкімшілік іс бар. Қылмыстық істер бойынша жалпы қаралған істердің басым көпшілігін ұрлық, есірткі, психотроптық заттармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу қылмыстары құрады. Ал азаматтық істер бойынша қаралған талап арыздардың негізгі бөлігі некені бұзу, қайтыс болу фактісін анықтау, алимент өндіру, сондай-ақ келісім-шарттардан туындаған даулар төңірегінде.
Бұдан кейін сот төрағасы медиация, партисипативтік рәсім тәртібімен қаралған істерге, «Сот кабинеті» электронды сервисі арқылы түскен арыздарға тоқталды. «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарындағы сот-құқықтық реформасы жайлы, нақтырақ айтқанда сот жүйесі сатыларын оңтайландыру, судья лауазымына үміткерлерді іріктеу механизмі мен біліктілік талаптарын күшейту, судьялардың жаңа этикалық кодексі жобасы туралы кеңінен аталып өтті.
Сондай-ақ шара барысында сот төрағасы сот жүйесіндегі жаңа жобалар жөнінде, оның ішінде тез және сапалы түрде мәліметтер алмасуға мүмкіндік туғызып отырған «Төрелік» ақпараттық жүйесі туралы, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шаралар жөніндегі ақпараттармен бөлісті.
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі