АРАЛДА СПОРТ МЕКТЕБІ ЖӨНДЕЛІП ЖАТЫР
Биыл Арал ауданы бойынша бірқатар нысандарға күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары қаралып, өз кезеңімен жүзеге асып келеді.
Соның бірі, жақында Арал қаласы, Бақтыбай батыр көшесі, №7 А мекен-жайында орналасқан №19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі, яғни, еркін күрес ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарына жарияланған конкурс аяқталып, қазіргі таңда мердігері анықталды.
Ағымдағы жөндеу жұмыстарының жеңімпазы болып танылған «Қызылорда Сапа» ЖШС-не конкрус негізінде 5 млн.5 0 мың теңге бөлініп, бүгінде жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Аталмыш серіктестіктің басшысы Еркін Алдамжаров ағымдағы жөндеу жұмысы барысында ғимараттың түгелдей есік-терезелері ауыстырылып, қабырғалары мен едені жаңаратынын және электр жүйесі толықтай жаңғырып, ішінара су жүйесі жөнделетіндігін, сондай-ақ, бірнеше бөлмелерді біріктіре отырып, үлкен жаттығу залы салынатынын атап өтті.
Жүріп жатқан жөндеу жұмыстары шілде айынан басталған еді. Ендігі жерде, 16 адам жұмылдырылған бұл ғимарат тамыз айының 22 жұлдызына дейін аяқталады деп күтілуде.