АРАЛ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНДЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Арал ауданы әкімдігінің мәжіліс залында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты облыс әкімі аппаратымен тікелей бейнеселекторлық мәжіліс өткізілді.
Жиын барысында жер қатынастары мен білім салалары арқылы көрсетілетін қызметтер қызу талқыға салынды. Ауданның шалғай ауылдары саналатын Атанши, Беларан ауылдық округтерінің мамандары Т.Есенов, Р.Ерсұлтанұлы сондай-ақ, Октябрь, Аралқұм ауылдық округтерінің мамандары Н.Жандаулетов, Е.Алдамжаров, Сексеуіл кенті, Қаратерең, Қарашалаң елді-мекендерден келген мұғалімдер Н.Кенжебаева, Г.Құлдиярова, Б.Демеуовалар осы тақырып аясында көкейтесті сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды.
Талқылау барысында облыс әкімі аппаратының жауапты құрылымдық бөлімінің өкілдері Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердегі кейбір стандарттардың шикілігіне қатысты және аудан тарапынан қойылған жауабы толық емес, зерттеуді қажет ететін сауалдарға байланысты жоғарғы органдарға ұсыныстар жолданатынын жеткізді.