КЕҢЕЙТІЛГЕН АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Арал ауданы әкімшілігінің мәжіліс залында аудан әкімі Абзал Мұхимовтың төрағалығымен және қала, кент, ауылдық округ әкімдері мен жергілікті атқарушы орган басшыларының қатысуымен кеңейтілген аппарат мәжілісі өткізілді.
Аппарат мәжілісінің күн тәртібінде қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы, 2016 жылғы аудан әкімінің қызметіндегі басымдықтары жөнінде келісімнің орындалу барысы, денсаулық саласы бойынша атқарылған жұмыстар жайы, 2016 жылдың 5 айындағы бюджет қаржысының игерілуі мәселелері қаралды.
Жиын барысында мемлекеттік бағдарламалар аясында жұмыстарды дамыта түсу, әр сала негізінде сапалы, тыңғылықты істердің орындалуын бақылау көзделді. Сондай-ақ, әр сала бойынша орын алған мәселелер талқылынып, осы бағытта нақты тапсырмалар беріліп, міндеттер жүктелді.