«ШЕТІН КӨЗҚАРАС ДІНГЕ ЖАТ» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖИЫН ӨТТІ
Аралдың Қамыстыбас және Аманөткел ауылдарында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Шетін көзқарас – дінге жат» тақырыбында ауыл тұрғындарымен кездесу өтті, - деп жазады аудан әкімдігінің сайты.
Мұндағы мақсат – дәстүрлі емес діни ағымдардың алдын алу, тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру. Семинардың модераторы аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы А.Мерекбаев болды. Семинар барысында дінтану ғылымдарының магистрі, республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Т.Әбуов «Шетін көзқарас дінге жат» тақырыбында және облыстық ішкі саясат басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы Б.Убаев «Қазақстан тарихындағы ислам дінінің таралу үрдістері және даму кезеңдері» атты тақырыптарда баяндамалар жасады.
Кездесуге жергілікті тұрғындар, қызметкерлер, жастар қамтылып, тақырыпқа байланысты сұрақтар төңірегінде ой-пікірлер ортаға салынды.