АРАЛДА БИОӘРТҮРЛІЛІК САЛАСЫНДАҒЫ ЖОБАЛАРДЫ БАСҚАРУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Барсакелмес Республикалық мемлекеттік мекемесінің әкімшілік ғимаратында жылжымалы отырыс өтті.
Оған Арал аудан әкімінің және Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы биоәртүрлілік жөніндегі бағдарламасының Ұлттық үйлестірушісі Талғат Кертешев бастаған жобаларды басқару комитетінің мүшелері, арнайы шет елден келген сарапшы мамандардың, қонақтардың қатысты.
Отырыс мақсаты – қорғалатын аймақтардың іші мен айналасында биоәртүрлілікпен үйлесімді тіршілікті қамтамасыз ету көздерін ілгерілету арқылы шөлді экожүйелердегі қорғалатын аймақтардың тұрақтылығын арттыру жөнінде және Биоәртүрлілікті басқаруға инвестиция көлемін арттыру үшін қаржыландыру механизмдері мен трансформациялық саясат құру туралы мәселелерді қамтыды. Бас қосуда бес бағыт бойынша бес презентация жасалды. Көздеген мақсаттары шөлді, жартылай шөлді аймақтардың дүниесін қорғап, сақтау, сондай-ақ, ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың аумағын кеңейту.
БҰҰ-ның ДБ қолдауымен бірлесе отырып аудан аумағында бірқатар жобалар іске асқан болатын. Бұл игі шаралар әлі де жалғасын табатын болады.