ҚАЛДЫҚТАН ҚҰНДЫ ДҮНИЕ
Арал ауданында «Барсакелмес» мемлекеттік табиғи қорығының ғимаратында іс-сапармен келген қонақтарға арнайы балалар мен ұстаздардың көрмесі ұйымдастырылды, деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Баршаны тазалықты сақтауға, қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты аялауға шақыратын көрменің негізгі мақсаты - табиғат қалдықтарын тиімді пайдалану арқылы қоршаған ортаға көмек көрсету. Олар қалдық пластикалық бөтелкеден жасалған отырғыштарды, сан алуан жарамсыз заттардан жасалған естелік-сыйлықтар мен ою-өрнекпен көмкерілген көптеген көрнекі бұйымдарды көрермен назарына ұсынды. Жиналған көрермендер бұл қолөнер бұйымдарын ерекше ықыласпен қызықтап, тәнті болды.