АҚЫЛ ТІСТІ ЖҰЛУ ҚАЖЕТ ПЕ?
Ақыл тісі – қатардағы 8-і тіс немесе, қарапайым айтқанда, тамақты қалыпты шайнауға арналған адамдағы бұрыннан қажет емес «сегіздік». Олар 12-ден 25 жас аралығында жарып шыға бастайды және тек, осы кезеңдерден бастап қана көбіне оны жұлуға кеңес береді. Бірақ бұл сондай қажет пе?
Қандай жағдайда ақыл тісін ЖҰЛУДЫҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ
- Егер олар сау болса (тісжегі жоқ, тіс айналасындағы қызылиек жиегі ауырмаса).
- Толықтай жарылып шыққан.
- Дұрыс орналасқан: көрші тістердің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтірмейді.
- Күнделікті ауыз қуысының гигиеналық тазалау кезінде олар оңай тазаланады.
Қандай жағдайда ақыл тісін ЖҰЛУ ҚАЖЕТ
- Тісті толықтай қызыл иек жапқан, бірақ жарып шыға алмайды. Бұл жағдайда олар, өз кезегінде көрші тістердің түбірін құртарлық ірің кернеген ісікке айналуы мүмкін.
- Тіс толықтай жарып шықпаған. Гигиеналық жақтан қиындық тудырады, артынша бакериялардың көптеп жиналуынан ауыз қуысының түрлі ауруларына әкеп соғады.
- Егер тіске орын жеткіліксіз болса (көрші тістер өте тығыз орналасқан), онда жарып шыққан ақыл тісі көрші тістерді зақымдауға тәуекел жасайды.
- Егер сіз ақыл тістің маңайынан ауырсыну сезсеңіз.
- Көп жағдайда ақыл тістің маңайындағы жұмсақ тіндері жұқпаланған болады.
- Ісік қалыптасқан жағдайда.
- Қызыл иек қабынса.
- Көрші тістерде тісжегі пайда болып, олар құртыла бастаса.
Егер сіз тіс дәрігеріне жиі қаралып және жақ сүйегінің рентген суретін жасатып тұрсаңыз, онда сізге ақыл тісін жұлдырудың қажеті жоқ. Бұл орайда сіз ақыл тісінің дұрыс өспеуін ертерек біле аласыз және тіс жұлдыру отасымен алдын алуға болады. 25 жастан кейін барлық сүйек тіндері толықтай қалыптасатындықтан, тісті жұлу күрделірек және тіндердің жазылуы баяу болатындықтан дәрігерлер тіс жұлдыру отасын ертерек жасатуға кеңес береді.