ҒАЛЫМДАР: АДАМДАР МЫНА ЖЕРДЕ МҮЛДЕ ҚАРТАЙМАЙДЫ
Астрофизик ғалымдардың айтуынша, ғарыш кеңістігінде адамдар мүлде қартаймайтын жерлер бар. Олар – ғарыштағы қара тесіктер, ол жерде қара тесіктердің массасы үлкен болғандықтан кеңістік пен уақыт бұрмалаушылығы бар, деп жазады http://www.qamshy.kz/ ақпарат агенттігі https://www.kp.ru/ сайтына сілтеме жасап.
Ғалымдардың айтуынша, ғарыштық аномалия тұсында уақыттың өзгеретіні соншалық, тіпті, жердегі жүздеген жылдар ол жердегі бірнеше минутқа тең болады. Сол себепті де адамдар қартаймайды.
Алайда, мұндай жолмен «өлмейтін адам» болу мүмкін емес. Физиктер қара тесікке жақындаған кез келген дене дәл сол сәтте өлімге алып келетін бірнеше атомдарға бөлінетіндігін айтады.
Мамандардың айтуынша, қара тесіктер – тәжірибелік жағынан зерттелмеген құбылыс. Ғалымдар Эйнштейннің заңдарына сүйене отырып, олардың сыртқы келбетін, өлшемін және өзге де физикалық құбылыстарын болжай алды.
Ал, жақында ғана Стивен Хокинг есімді атақты физик-теоретик қара тесіктерді Жер шарына арналған балама портал болуы мүмкін деген гипотезаны ұсынды және де ол жерге түскен материялық денелер жоқ болып кетпейді, олар түрлі өлшемдерде орналасатындығын айтты.