ҚЫЗЫЛОРДАДА 52 ІС-ШАРА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛМАҚ
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалына қарасты барлық ұйымдармен «Нұр Отан- балаларға» республикалық акциясы және «Бақытты балалық шақ» партиялық жобасы шеңберінде 30 мамыр мен 5 маусым аралығына 52 іс- шара жоспарланып жүзеге асуда. Жоспар аясында облыстық партия филиалы өңірдегі «Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар ауылының 60-қа жуық тәрбиеленушілерін түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшыҚорқыт бабамыздың мемориалдық кешеніне саяхатқа алып барды.
Шараның мақсаты: жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жеткіншектерге көңіл-күй сыйлап, олардың ерік жігерін жандандыру, қоғамға қажет екенін сезіндіріп, белсенді азамат болып қалыптасуына өзіндік үлес қосу.
«Нұр Отан»-балаларға» акциясы және «Бақытты балалық шақ» партиялық жобасы аясында ұйымдастырлған шараға балғындарды жетекші партия филилалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Дүйсенбайұлы Құттықожаеварнайы шығарып салып, ақжолтай тілегін білдірді.Ол өзінде «Сіздер келешек ел үмітін ақтар азаматсыздар. Сіздерге Елбасы барлық жағдайды жасап отыр. Сондықтан сапалы білім, саналы тәрбие алып, еліміздің өркендеуіне үлес қосу керектігін жеткізіп, балғындарға тәлім-тәрбие беріп отырған «Атамекен» отбасындағы балалар аулының ұжымын партия филиалы атынан алғыс хатпен марапаттап, мұнда орналасқан әрбір отбасына қазақтың қара домбырасын сыйға тартты.
Балалар саяхат барысында Қорқыт ата кешенін толық аралап, мұражайдағы жәдігерлермен танысты. Мұрайжай қызметкерлеріне түрлі сауалдар қойып, өмірде ізі, артында әдеби-музыка мұрасы қалған тарихи тұлға жайлы көптеген мағұлмат жинады. Қармақшы аудандық партия филиалына қарасты«Теміржол» бастауыш партия ұйымы ұйымдастырған сурет көрмесін тамашалап, жыраулар мектебінен келген өз замандастарының ән-күй, жырларына қанықты.Арнайы ұйымдастырылған түрлі спорттық сайыстарға қатысып, жүлделі орындармен бағалы сыйлықтарға ие болды. Мерекеге орай жайылған дастарханнан дәм татып, естелік суретке түсті.
Шара барысында облыстық партия филиалы, саяси жұмыстар бөлімінің басшысы Алтынбек Жарылқасынов сөз алып, «Нұр Отан»-балаларға акциясы мен «Бақытты балалық шақ» партиялық жобасының мақсатын атап өтіп, игілікті шараға қолдау көрсеткен «Жан-Арай» ЖШС төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Бақдәулет Мақашевқа, «Адилия» көліктік компаниясына, аудандық спорт бөліміне және Қармақшы аудандық партия филиалы менбастауыш партия ұйымдарына облыстық партия филиалы мен «Атамекен» ауылы балаларының атынан шынайы алғысын білдірді.
Балаларының риясыз қуанышына қанық болған «Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар ауылы директорының орынбасары Жанар Алпысбаевда балғындарды мерекемен құттықтап,ұйымдастырушыларға шексіз ризашылығын білді. Аталмыш шараға «Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар ауылының балаларымен қатар олардың тәрбиешілері, спорт саласының мамандары, оқытушылар және БАҚ өкілдері қатысты.
Айта кету керек, «Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар ауылы 2015 жылы 1 маусымда облыста жетімдер үйін жою бағытында ашылды. 8 екі қабатты және 1 әкімшілік ғимарат құрылысынан тұрады.Балалар ауылын салу, абаттандыру сияқты жұмыстарға бизнестің жауапкершілігі және әріптестік негізінде «Петро-Қазақстан» компаниясы 650 млн. теңге бөлген.
Бүгінде мұнда 5 пен 18 жас аралығындағы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жасөспірімдер отбасы үлгісінде тәрбиеленуде. Әрбір отбасының өз анасы бар.