КЫЗЫЛОРДАДА АЛАЯҚТЫҚ ҚЫЛМЫСТАР АЗАЙЫП КЕЛЕДІ
Қызылорда облыстық прокуратурасында облыс прокуроры Сапарбек Нұрпейісовтің төрағалық етуімен алқа отырысы өтті, деп жазады Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.
Күн тәртібінде алаяқтық қылмыстардың алдын алу, тіркеу және қылмыстық істерді тергеп-тексеру, олармен шешім қабылдау барысында заң талаптарының сақталу жағдайына қатысты мәселе талқыланды.
Жалпы, 2016 жылдың 4 айында облыс аумағында сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелген 414 (570) алаяқтық қылмыс тіркеліп (қылмыстық іс қозғалып), оны өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 156 немесе 27,4% төмендеген. Бұл санаттағы қылмыстар Қазалы мен Шиелі аудандарынан басқа барлық қадағалау аумақтарында төмендеген болса, ал Қармақшы ауданында бір деңгейде қалған.
Қазалы ауданында бұл санаттағы қылмыстар жұмысқа тұрғызумен, полиция қызметкерін атын жамылып, телефонмен алдаумен байланысты және ұялы телефонды қоңырау соғу үшін алып, иелену арқылы жасалатын алаяқтық қылмыстардың түрлері есебінен өскен. Ал, Шиелі ауданында несие алып берумен және жұмысқа тұрғызумен байланысты алаяқтық қылмыстарының түрлері есебінен өскен.
Сонымен қатар, облыс аумағында алаяқтық қылмыстың негізгі түрлері, яғни жұмысқа орналастыруға 31-ден 52-ке, пәтерді алып беруге 8-ден 29-ға, жер учаскелерін рәсімдеп беруге 6-тан 25-ке, телефон арқылы алдауға 8-ден 13-ке және ұялы телефонды қоңырау соғу үшін сұрап алып иеленіп кету 11-ден 16-ға өскен.
Негізінен, облыс көлемінде пәтер, жер алып беруге қатысты алаяқтық қылмыстардың барлығы Қызылорда қаласында орын алуда. Оның бірден бір себебі соңғы жылы облыс орталығы Қызылорда қаласында мемлекеттік бағдарламамен салынып жатқан үйлердің көбейгені және қала төңірегендегі жерлерге сұраныстың жоғары болуында. Мәселен, қала көлемінде жерге 48000 адам және пәтерге 19121 адам кезектілікте тұр. Яғни, алаяқтар кез келген жағдайларды тиімді пайдаланып, оның ішінде жер мен пәтерге сұраныстың жоғары болуына байланысты осы жерде туындаған қатынастардың төңірегенде алаяқтық әрекеттерін жүзеге асыруда.
Мысалы, азаматша Ж.П 2014 жылдың қыркүйек айында жәбірленушілер азамат Е.У-тың және азаматша З.Ж-ның қызының тұрғын үйге кезектерін жылжытып беремін деп З.Ж-дан 200000 теңге және Е.У-тан 250000 ақшаларын алдап алған.
Қызылорда қалалық № 2 сотының 25.03.2016 жылғы үкімімен Ж.П-ва ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігінің 2-тармағымен (алаяқтық қылмысты бірнеше рет жасау) кінәлі деп танып, оған 3 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған.
Осы санаттағы қылмыстарды негізінен жұмыссыз, жас-шамасы 20-50 аралығындағы, біршамасы қылмыс жасағаны үшін заңмен түйісте болған, басым бөлігін әйел азаматшалары жасауда.
Алаяқтық қылмысын жасау үшін таудай уәде беріп, адамды алдап, сеніміне кіре білсең болды. Оған күш қолдану, жасырын әрекет жасау қажет емес. Сондықтанда, әйел адамдар қылмыстың бұл түрін жиі жасауда.
Талдау көрсеткендей, алаяқтың арбауына түсіп, жәбір көрген адамдардың көбісі өздерінің әрекетін білместіктен болғанын көрсетуде.
Сондықтан да аталған қылмыстың алдын алу мақсатында халық арасында жүйелі түрде ақпараттық-насихаттық жұмыстарды жүргізу қажеттігі тәжірибе дәлелдеуде.