ТАРАПТАРҒА ТИІМДІ ТӘСІЛ - ТАТУЛАСУ
Елімізде, өміршеңдік тәжірибе негізінде, азаматтық, қылмыстық заңнамаларды ізгілендіру бағытында, Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы ел басшымызбен қабылданды.
Медиация – үшінші, бейтарап, әділ, жанжал нәтижесіне мүдделі емес тараптың қатысуыменөтетін дауларды реттеудің баламалы жаңа түрі. Аталған үшінші тарап ретінде медиаторды танимыз. Ол кәсіби және кәсіби емес негізде медиация жүргізетін тәуелсіз жеке тұлға болып табылады. Медиатор даудың немесе сотта қаралатын істің қатысушыларының белгілі бір келісімге келуіне көмектеседі. Оның міндеті, өзінің бейтараптығымен – әділеттілікпен, дауласып жүгінген екі жақты татуластырып, бітістіріп, келісімге келтіріп, келісім-шартқа қол жеткізу болып табылады.
Қазіргі таңда, әлемдегі мемлекеттерде медияция институтының тәжірибелерінің өміршеңдігі негізінде көптеген даулы мәселелердің бітімге келу арқылы оң шешімдерді тауып жатқаны анық.
Медиация тәжірибесінің мақсаты билер соты сияқты дауласушы тараптардың дауласушылық деңгейін төмендетіп, тараптарды бітімге келтіріп татуластыруға қол жеткізу.
Біздің өмірлік тіршілігімізде, дауласушы тараптар арасында кекшілдік, эмоциялық, бір беттілік, қыңыр, тәккапар қайтпайтын мінездер басымырақ болып, нәтижелі келісімге келуге кедергі болып тұрған жағдайларда, даудың әрі қарай өршімеуі үшін, білімді, беделді, ірілігі мол, бейтарап, мүдделі емес тұлға медиатордың көмегі өте қажет.
Жаңа қолданысқа енгізілген Азаматтық процестік кодекстің басты жаңашылдықтарының бірі - татуласу рәсімдері. Кодексте оның бірнеше түрі, яғни, тараптардың дауды бітімгершілікпен, медиация тәртібімен немесе партисипативтік рәсіммен реттеп, келісімге келуі қарастырылған. Яғни, бітімгерлік рәсімдерді қолдану шаралары кеңейтіліп, медиация институты жетілдіріліп, партисипативтік рәсім жаңашылдыққа айналып, сот ісін жүргізу жеңілдеді.
Татуласу рәсімі адамдардың алғашқы қауымдастығымен қатар пайда болған. Бір жағынан ішкі әлемнен өз өзін сақтандыру болса, екінші жағынан өркениетті дамудың материалдық және рухани құндылық құралы ретінде қолданылады.
Қазақстан Республикасы АПК-нің 115-бабына талап қоюдан бас тарту, татуласу келісімі немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім, дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім, арызды қараусыз қалдыру кезінде сот шығыстарын бөлу талап қоюшы талап қоюдан бас тартқан кезде ол жұмсаған сот шығыстарын жауапкер өтемейді. Талап қоюшы жауапкерге істі жүргізуге байланысты оның жұмсаған сот шығыстарын өтейтіні, егер талап қоюшы талап қою берілгеннен кейін жауапкердің оларды ерікті түрде қанағаттандыруы салдарынан өз талаптарын қолдаудан бас тартса, сот талап қоюшының өтінішхаты бойынша жауапкерден барлық жұмсаған сот шығыстарын өндіріп алады. Егер талап қою жауапкердің кінәлі мінез-құлқынан туындамаса, онда сотта жауапкер талап қоюды мойындаған жағдайда сот шығыстары талап қоюшыға жүктеледі. Көрсетілген баптың 2-бөлімінде тараптар бірінші, апелляциялық сатылардағы соттар бекіткен татуласу келісімін немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім, дауды парти сипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасқан кезде, төленген мемлекеттік баж толық көлемде бюджеттен қайтарылуға жататыны, кассациялық сатыдағы сотта татуласу келісімі, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасалған кезде, төленген мемлекеттік баж кассациялық сатыдағы сотқа жүгіну кезінде төленген соманың елу пайызы мөлшерінде бюджеттен қайтарылуға жататыны көрсетілген. Басқа сот шығыстарын сот татуласу келісімінің, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімнің немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімнің шарттарына сәйкес тараптар арасында бөлетіні, келісімдерде мұндай нұсқау болмаған жағдайда, олар өзара өтелген деп есептелетіні көрсетілген.
Татуласу рәсімінің бірнеше ғасырдан бүгінге дейін жеткені, құқық саласында алатын орны ерекше екенін байқауға болады. Ежелгі заманда қалыптасқан заңдар бойынша татуласуды өз талаптарына сай ыңғайластырған болса, бүгінгі таңда өркениет пен адам санасының дамуы арқасында татуластыру рәсімінің ауқымы кеңи түскенін байқауға болады.
Қазіргі уақытта татуластыру рәсімін қылмыстық және азаматтық істер бойынша белсенді түрде кеңінен қолданылуда. Соттан тыс заңды дауларды шешудің кеңінен қолданылуы (мысалы сөйлесу, делдалдық), онша ауыр емес ауырлығы орташа қылмыстық істер бойынша жәбірленушімен татуласу бітімгергішілікке келудің тиімді жолы екендігінің айқын көрінісі.
Г. АХМЕТОВА,
Қызылорда облысының қылмыстық істері
жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының
бас маманы, сот мәжілісінің хатшысы