ЖАРНАМАЛАР ДҰРЫС ОРНАЛАСҚАН БА?
Тіл таусылмайтын байлық, асыл қазына. Тіл қарым-қатынас құралы болуымен бірге оны тұтынушы халықтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, ұлттық болмысын, мәдениет байлығын, сан ғасырларға созылған даму тарихын ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып жеткізуші, жинақтаушы қызметін атқарады.
Бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып, тілжанашырларын алаңдатып отырған қазақ тілінің көрнекі ақпарат пен жарнама тілі ретінде қолданылуы. Қалай десек те, ана тіліміздің мәселесі әлі күнге өз шешімін таппай келеді.
Мемлекеттік тілде берілген кез-келген жарнамаға қарасақ, талғамға сай келмейтін, қазақ тілінің әдеби нормаларының сақталмағаны, стилистикалық жағынан сөйлемдер бір-бірімен байланыспай, не болмаса орыс тілінен тікелей аударылған жарнамалар көшемізден бой көрсетіп тұр. Оған қоса кейбір коммерциялық құрылымдардың қазақ тілін «менсінбеуінен» бе, шетелдік атауларға көшуі де жиілеп барады. Екі аттам жердің бәрінде ағылшынша айдар тағылған неше түрлі мекеме атаулары көз шағылыстырады.
Калада жарнамалар қалай орналасқан? Олардың тілі қай тілде жазылуда. Осыған байланысты қалалық жедел топ өкілдері бірнеше көшелерге рейд өткізді. Орынсыз,рұқсатсыз орналастырылғандары алып тасталды.
Жарнамалар да ақпарат көзі.Оның қандай түрі болсын жұртшылықтың тауарларға, басқа да қызметтерге қызығушылығын тудыру мақсатында сыртқа орналастырылады. Сонымен бірге ол тек екі тілде- қазақ және орыс тілдерінде жазылуы тиіс. Оны кәсіп иелері «өзім білем» деп кез келген жерге қыстырып немесе ілдіріп қоя беруіне құқығы жоқ. Ол үшін қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің рұқсатын алып, белгілі мөлшерде мемлекетке салық төлеулері керек.
Жарнама тілі барлығына түсінікті, кең таралған тіл болуы тиіс екенін ескерсек, жарнаманың тілі жалпыға түсінікті, әрі қысқа, әрі нұсқа, тартымды, әсерлі жазылуы керек.
Шаһардың бірнеше көрікті көшелерінде рейд өткізгенде мемлекеттік тіл және жарнама туралы заң талаптарының бұзылып жатқанына куә болдық.. Әйтек би көшесіндегі «Жаншуақ» сервис орталығы мен «орда принттің» тұм- тұсының бәрі қаптаған жарнама. Ал нысан иелері оларды орналастыру туралы рұқсат қағаз алмаған. Сондай-ақ Қазбек би мен Асқар Тоқмағамбетов көшелерінің де сау жерлері жоқ деуге болады. Жамырасқан жарнамалар. Сондықтан рейд барысында олардың көпшілігі алынып тасталды. Бірнеше кәсіп иелеріне ескертулер берілді.
ЖАРНАМА ЗАҢДЫЛЫҒЫ – ЖЕДЕЛ ТОП ӨКІЛДЕРІНІҢ НАЗАРЫНДА
Тілдік нормасы сақталмаған, ретсіз орналастырылған жарнамаларға арналған жедел топ өкілдерінің рейдтік жұмыстары жалғасуда. Қызылорда қаласында қатеге толы жарнамалар көп. Сол себепті кәсіпкерлерге ескерту беріліп, қайталанған жағдайда айыппұл салынатыны ескертілді. Көрнекі ақпараттың барлық мәтіні мемлекеттік тілде сол жағында, орыс тілінде оң жағында немесе төменгі жағына орналасу қажет. Қажеттілігіне қарай көрнекі ақпараттың мәтіндері қосымша басқа да тілдерге аударылуы мүмкін.Ал мұндай жағдай да қаріп өлшемі нормативті құқықтық актілерде белгіленген талаптардан аспауы тиіс екенін атады сала мамандары.
Жедел топ өкілдері алдымен Байтұрсынов көшесіндегі сауда орны, мейрамхана, автокөліктерге май ауыстыру бекеттерін аралады. Толығымен ағылшын тіліндегі маңдайша мен жарнамасы ілінген алғашқы назарға іліккен нысан – «Фэшн» лоундж бары. Иесіне ескерту берілді, 3 күн ішінде қателік жойылу керек. Келесі нысан - «Бай Стрит» мейрамханалар кешені. Мұнда келген қонақтар үшін автотұрақ қарастырылмаған және орыс тіліндегі жарнамалардың қарасы көп.
2012 жылғы 23 қаңтардағы №2983 қаулысына сәйкес «Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі елді мекендерде сыртқы жарнама нысандарын орналастыруға рұқсат беру, жеке және заңды тұлғалардың жарнама қызметінің мәселелері бойынша өтініштерін қарау жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленген.
Сондай-ақ, билборд, стелла, лайтбокс, сілтеуіш жарнамаларын орналастыру үшін «Қалалық сәулет және қала құрлысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жарнама нысанының эскиздік жобасын,шаршы метрін пайдалану мақсаттындағы құжаттар бойынша мәлімет ұсыну қажеттігін қаперге салды сала мамандары.
Шынар БЕКБАН