ӘСКЕРІ МЫҚТЫ ЕЛГЕ ЖАУ БАТБАЙДЫ
Әскері күшті мемлекет әрқашанда сырттан келер қауіптен үрейленбей, өзге елдерге сұсы өтіп, сөзі жүріп, өзгені басындырмайтыны анық. Ал, әскері әлсіз елдің көрер күні қалт құлттың үстінде өтеді. Сондықтан болар өз әскерін қаржыландырмаған мемлекет өзге елдің әскерін қаржыландырады дейді. Яғни, мемлекеттің бар күшін оның әсерінде деген сөз. Ал, сол әскерді өте тиімді пайдаланып, алдаспандай сұсты, жай оғындай өткір ету үшін сол мемлекетті басқарып отырған адамның әскери тәсілден өте жақсы болуға міндетті. Мәселен тарихымыздағы хандар мен патшалардың барлығы әскери сауатты, айла-тәсілі жетілген болды. Өйткені ел шетіне жау тигенде ханның әрбір ақылды шешімдері маңызды. Кешегі екінші дүниежүзілік соғыс кезінде де көптеген мәселелер Кеңес Үкіметін басқарған Сталиннің алдынан өтетін. Өйткені, ол әскери шабуылдың қыр сырын жақсы меңгерген болатын. Енді міне, тәуелсіз еліміздің әскер басы, көрегенді саясаткер, кемел тұлға еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев болып отыр. Ол өзі қолдап құрған елінің қауқар ы мен қалін, сарбаздарының сырын, қарулы күштерінің қаншалықты деңгейде екенін жақсы біледі әрі оның барлығын өзі тұрғызды. Бұлай демес бұрын тәуелсіздігіміздің тарихына сәл шегініс жасап алсақ.
Мемлекеттік саясаттың әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы алғашқы қадамдарының бірі — Қазақстан Республикасы Президентінің 1991 жылғы 25 қазанда шыққан «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Мемлекеттік қорғаныс комитетін құру туралы» Жарлығы болды. 2 айдан кейін, 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң қабылданып, ол «Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын күзету мақсатында өз Қарулы Күштерін құруға құқылы» деп анықтады. Бұл кезде үлкен саяси төңкерістер болып, әр күні мен сағаты маңгілік елдің іргетасын қалап жатқан сындарлы сәт болатын.
Ал, өзіміздің дербес Армиямызды құруға заңды құқығымыз 1992 жылғы 7 мамырда ел Президентінің «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы» Жарлығы шыққаннан кейін іске асты. Алдымен Қазақстан армиясы Құрлық әскерлері, Әскери-әуе күштері, Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері мен Әскери-теңіз күштері секілді дәстүрлі төрт түрінен тұрды.
Еншісін жаңа алып шығып, аяғына да тұрмаған жас мемлекеттің әскери жағдайы сол көзден дүрілдеп кете қойған жоқ. Тоқырау заман бұл саланы да әуре сарсаңға салғысы келді. Алайда, әскеріміз күшеймейінше әл күшіміздің артпайтынын білген Елбасы ел қалқанының қамын жеп, жүгін аудырған жоқ.
1993 жылғы ақпанда Қазақстанның бірінші Әскери доктринасы қабылданды.
Онда Қазақстанның, егер оның өзі немесе одақтастары қарулы агрессия объектісіне айналмаса, қандай да бір мемлекетке қарсы әскери іс-қимылдарды ешқашан, ешқандай жағдайда да бірінші болып бастамайтындығы көрсетілді. Сонымен қатар доктринада барлық мемлекеттермен қарым-қатынасты қауіпсіздік мүддесін өзара ескеру негізінде құруға әзір екендігі, әскери үстемдікке ұмтылмайтындығы атап көрсетілді. Одан кейінгі жылдарда Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы 2000 жылғы 10 ақпанда бекітілген екінші Әскери доктринаның базисіне айналды. Нақ сол кезде алғаш рет Қарулы Күштерді елдің жалпы ішкі өнімінің кемінде 1 пайыз көлемінде кепілді бағдарламалық-мақсатты қаржыландырып отыру ұстанымы нормативтік түрде бекітілді. Жаңа доктрина Қарулы Күштерді құру мен реформалаудың басты бағыттарын айқындады. Өйткені күн сайын түліп, сағат сайын аунап түсіп жатқан әлем саясаты бір орында тұрып қалуды кешірмейтін еді.
2007 жылғы Әскери доктринада мемлекеттің әскери ұйымын дамытудың негізгі бағыттарының бірі өңірлік қолбасшылықтар әскерлерінің белгіленген жауаптылық аймақтарында әскери қауіпсіздік міндеттерін шешу мәселелеріндегі нақты дербестігін қамтамасыз ету және әскерлердің стратегиялық бағыттардағы жеткілікті топтастықтарын құру болып айқындалды.
Мемлекет басшысы әс¬кер түр¬¬лерінің дамуына асқан іске𬬬лік¬¬¬пен мән береді, олар¬дың жеке құ¬ра¬мымен жиі-жиі кез¬десіп, маңыз¬ды әскери жатты¬ғу¬ларға қатысады. Мәселен, Мемлекет басшы¬сы – Жоғарғы Бас қолбасшы Н.Ә.На¬зар-баевтың өзі 2013 жылғы 9 ма¬мырдағы әскери шеруге қаты¬сып, Жамбыл облысындағы Гвар¬дейский кентінде болуы, әске¬ри саладағы соңғы техникалар ашық алаңқайда сыналған кезде, оған жақсы баға беруі еліміздің қорғаныс саласына деген шынайы қамқорлығының көрінісі.
Әскері мықты елді жау алмай, шешені мықты елді дау алмайды дегендей Елбасымыз сыртқы көзалартушылыққа сұс етіп қарулы күштерімізді осылайша ұдайы дамытып, қолдап, жетілдіріп келеді. Өйткені біздің дарқан даламызды кең жайлап жатқан ақжарқын халыққа тек бейбіт өмір керек. Себебі біздің еліміз алысқа құлаш сермеген, ұзақ мерзімге жоспар құрған, мәңгіліктіктің іргетасын қалаған бейбітшіл ел.
Роза ХИЗАТОВА,
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз хатшысы