ЖЕР ТАҒДЫРЫ МЕН ХАЛЫҚ БІРЛІГІ БІЗДІҢ ОРТАҚ МҮДДЕМІЗ
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз сөзінде «Қазақстанның 14 мың шақырым жерін сегіз жыл бойы шекаралас мемлекет басшыларымен келісіп шегендегінін айтты». Бұл не үшін? Әрине, ата бабамыз найзаның ұшымен, білектің күшімен үлкен аманат қылып бізге жеткізген жерін кейінгі ұрпаққа аманат етіп тапсыру үшін.
Қазіргі кезде жер кодексіне байланысты біршама әңгімелер өрбуде. Соның ішінде жұртты қатты алаңдатып отырғаны бұрын жер 10 жылға жалға берілетін болса, оның 25 жылға ұзартылуы. Бұл жерде менің түсінуімше халықты толғандыратыны егер 25 жылға жер шетелдіктерге жалға берілсе, олар сол жерде орнығып қалмай ма, басқа да қиындықтар тумай ма?»деген мәселе.
Бүгінгі таңда Қазақстан бойынша 100 млн ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлердің 1,3 пайызы ғана жеке меншіктің игілігінде. Басқа жерлердің бәрі бос жатыр. Сондықтан оларға инвестиция тартып, жаңа технологиялар әкеліп, жерді айналымға түсіру, пайда табу қазір келмей жатқан инвесторлар келеме деген ой. Бұл жерде жергілікті халыққа жерді иеленуге үлкен мүмкіндіктер қарастырылған. Ауылдың аумағындағы мал жайылымдары, ауылдың іргесіндегі жерлер жалға берілмейді. Сол жердегі ауыл тұрғындарынан артылған немесе олар игере алмай жатқан жерлері ғана жалға беру мәселесі қозғалып отыр. Қазіргі нарық заманында жер де айналымда болып, оның пайдасын халық көру керек. Яғни, бір жер несиеге беріліп жатса ол жерде жаңа жұмыс орындары ашылып, халықтың әл ауқатын көтеруге, жұмыс жасай ма деген жоспардан туындаған болса керек.
Бұл жерде ең бастысы Қазақстандық жер иеленушілердің мүддесі қорғалатынын айт кетуіміз керек. Яғни, ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді несиеге алып отырған азаматтар оны нисие алу уақытында он жыл бойы бөліп төлеп, жеке меншігіне алуына болады. Және ол жерлердің кадасторлық құны 50 пайыз мөлшерінде жеңілдікпен беріледі.
Біз халықтың мүддесін жоғары қоя отырып, ол жерлерге инвесторлар тартқанда оларды қадағалау мемлекеттік бақылау органдары тарапынан қатаң болатыны белгілі. Бұл жерде жалға берілетін жерлердің сапасы, қолданылуы, экологиялық жағдайы үнемі бақылауда болып отырады.
Қазіргі кезде аз ғана мөлшерде қолданылып отырған ауылшаруашылық негіздегі жер бұл шын мәнінде қазіргі біздің халқымыздың толықтай азықтүлікпен, көкөніспен тиісті күнделікті тұтынантын тағамдарымызбен қамтамасыз етуге жеткіліксіз. Сондықтан мен ойламын бұл жерде бәрін сабырлықпен қарап ақылмен шешу керек. Және ең басытысы халықтың бірлігіне сызат түсірмеуіміз қажет. Бүгінде бірлігі мен берекесінен айырылған қанша мемлекеттердің тұрғындары елін, жерін тастап өздеріне пана іздеп жер жаханда босып жүр. Міне сондықтан осындайдан сақ болуы керек. «Ашу дұшпан ақыл дос, ақылыңа ақыл қос»- дейді даналарымыз. Барлығын сабырмен байыппен қарауымыз қажет.
Ибадулла ҚҰТТЫҚОЖАЕВ,
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы
төрағасының бірінші орынбасары, философия ғылымдарының кандидаты