СУДЬЯЛАРДЫ ІРІКТЕУДЕ ТАЛАП ЖОҒАРЫ
Қызылорда облыстық сотының жергілікті соттарының басшылық лауазымына кадрлық резервтер құру жөніндегі комиссия құрамы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2012 жылғы 20 ақпанындағы N67 санды Өкімімен бекітілген «Жергілікті соттардың басшылық лауазымдарына кадрлық резервтер құру жөніндегі Комиссиялар туралы» Қағидасы негізінде құрылған.
Аталған комиссияның мақсаты, жергілікті соттардың төрағалары қызметтеріне кандидаттарды сапалы іріктеу, облыста кадр резервін қалыптастыру, кадр жұмысын жетілдіру және де төраға қызметіне кездейсоқ және лайық емес адамдарды жоғарылатуға мүмкіндік бермеу. Әрі ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің бір құралы болып табылады.
Қызылорда облыстық сотының кадр резерві жөніндегі комиссиясының 2014 жыл 6 айының кадр резерві бойынша аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары, облыстық соттың алқа төрағасы лауазымдарына кандидаттар іріктеліп, жыл сайынғы кадрлық резервтің құрамына алынулары үшін тізімі жасалынып, ҚР Жоғарғы Сотына жолдап отыру бір жүйеге келтірілген. Сондай-ақ, бекітілген Қағидаға сәйкес аталған тұлғалар облыстық соттың жалпы отырысының оң қорытындысын алып отырған.
2014 жыл 6 айының кадр резервінің құрамын қалыптастыру бойынша жұмыстарды талдаудың қорытындысына қарағанда 2013 жылдың 12 айында аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары лауазымына 15, облыстық соттың алқа төрағасы лауазымдарына 12 кандидаттар іріктеліп, 2014 жылдың 6 айында аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары лауазымына 13, облыстық соттың алқа төрағасы лауазымдарына 8 кандидаттар іріктеліп 2014 жылғы кадрлық резервтің құрамына енгізілулері үшін тізімі жасалынып, жалпы отырыс қорытындысымен мақұлданған.
Жас шамасы белгілері бойынша:
- 40 жасқа дейінгілер –3 кандидат;
- 40 жастан 50 жасқа дейін – 5 кандидат;
- 50 жастан жоғары – 13
Гендерлік бөлу бойынша:
Кадрлық резервке ерлер арасынан 15 кандидат, әйелдер арасынан 6 кандидат іріктеліп алынды. Кадрлық резервке алынған барлық кандидаттардың ұлты – қазақ-20, орыс-1.
Судьялық еңбек өтілі бойынша
- 3 жылдан 5 жылға дейін – 1;
- 5 жылдан 10 жылға дейін – 6;
- 10 жылдан 15 жылға дейін – 4;
- 15 жылдан 20 жылға дейін – 4;
- 20 жылдан жоғары – 6.
Аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары лауазымына аудандық және оған теңестірілген соттардан және облыстық соттан резервке ұсынылған кандидаттар саны 21 құрайды.
2013-2014 жылдың 6 айы ішінде кадр резерві құрамындағы кандидаттардың бірнешеуі ҚР Жоғарғы сотынан тағылымдамадан өткен болса, қалған кандидаттардың барлығы аймақтық оқу орталығының оқып – үйрену сабақтарына тыңдаушы, баяндамашы ретінде қатысқан.
Сондай-ақ, судья лауазымына үміткер Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірсе, барлық заңнамалармен, нормативтік қаулылармен танысуға, тәжірибе жүзінде жетекшілердің көмегімен дұрыс қолдануға мүмкіншіліктері туындайды. Сондай-ақ, шет елдердің сот тәжірибесімен танысып, еліміздің сот жүйесімен салыстыра отырып, болашақта жұмыс барысында тиімді әдістер, амалдар арқылы жұмыс жасауға да оң көмегін тигізеді.
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген азаматтардың судьялық қызметті атқаруға мүмкіншілігі де, білімі де жеткілікті болады.
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының бағдарламасында - үздік еуропалық жоғары оқу орындарының дәстүріне сай мастер-кластар оқу үшін жетекші ғалымдар, көрнекті мемлекеттік қайраткерлер, қызмет атқарып жүрген судьялар шақырылатыны, әрбір білім алушыға жеке бағдарлану мемлекеттік басқарудың стратегиялық басымдықтарына жауап беретін мамандандырылған тереңдетілген білім алуға мүмкіндік беретіндігі жазылған. Сондай-ақ, практика мен тағылымдама барысында басқарушылық шешімдерді қабылдау, құқық қолдану, азаматтық ұстанымды қалыптастыру мен қорғау, шешімдер жобасын құрастыруда мол тәжірибе алуға мүмкіндіктер болатыны көрсетілген.
Сот төрелігінің әділдігі мен ашықтығын қамтамасыз ететін бірден-бір жауапты тұлға – судья. Судья болу - әрқашан және әркіммен әділ болу. Судья болу - кәсіп емес, мәртебелі міндет.
Судья болып, яғни барлық сатыдан өтіп, келісімге келе алмай жүрген тараптардың іс-әрекетіне баға беріп, ушығып тұрған дауға шешім қабылдау, халыққа төрелік айту үлкен жауапкершілікті талап ететіні сөзсіз. Сонымен қатар, мұрағаттардағы шаң басып, сарғайған парақтарда қалған қанды деректердің сырын ашып, айыптаушылардың жасаған қылмысын дәлелдеп, адам тағдырының ақ-қарасын таразылау үлкен төзімділік пен қажырлы еңбекті қажет етеді.
Қызылорда облыстық сотының судьясы А.ЕРМАНОВ