МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІГЕ ТӘН ИМИДЖ
Мемлекеттiк қызмет – мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк органдарда мемлекеттiк билiктiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға бағытталған лауазымдық өкiлеттiктерді атқару жөнiндегi қызметi.
Мемлекеттiк қызметшi – мемлекеттiк органда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджеттерден не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қаражатынан ақы төленетiн мемлекеттiк лауазымды атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкiлеттiктерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы.
2015 жылы 23 қарашада «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа Заңы қабылданып, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді. Бұл кодекстің ерекшелігі мемлекеттік қызметшілердің моральдық адамгершілік бейнесіне және іскерлік қасиеттеріне қойылатын талаптарды жоғарылату мақсатында қабылданып, халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталғаны, соның ішінде мінез-құлықтың жалпы, қызметтен тыс уақыттағы, қызметтік қатынастардағы және көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеумен байланысты мінез-құлық стандарттарын айқындайды.
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында ұзақ мерзімді басымдықтардың бірі кәсіби мемлекетті құру болып белгіленген. Біздің мемлекетіміздің алдында тұрған кәсіби жоғары мемлекеттік қызметті және басқарудың тиімді құрылымын құру ісіндегі міндеттерді іске асыру, көбінесе мемлекеттік қызметшінің кәсіптілігіне негізделеді. Президент Н.Ә.Назарбаев елді тиімді басқару үшін мемлекеттік қызметшінің негізгі қасиеттеріне моральдық жоғары жауапкершілік, кәсіптік білім, білімін тәжірибеде қолдана білу, адалдық, ақ ниеттілік, белсенді өміршеңдік ұстаным болуға тиісті екенін атап көрсетті. Яғни, мемлекеттік қызметтегі әрбір адам өз жұмысының барлық жауапкершіліктерін сезіне білу және өз елінің патриоты болуы қажет.
Мемлекеттік жүйені дамытудағы басым бағыттардың бірі Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшісінің жағымды имиджін қалыптастыру және нығайту болып табылады. Мемлекеттік қызметшісінің жағымды имиджін қалыптастыру және нығайту, өзекті құзыреттерді меңгеру және оларды жүзеге асыру қабілетіне тыңдаушы сана-сезімінің ерекше құрылымы себепші болады. Оның құзыреттілігін білу, түсіну, қызмет амалдарын меңгеру, болжау, әрекет ету, өз іс-әрекеттерін рефлекстеу және өзінің қызметтік процесінде солар үшін жауапкершілік алу сияқты әмбебап қабілет ретінде көрініс береді.
Мемлекеттік қызметшінің оң имиджин қалыптастыру – қиын және ұзақ үрдіс. Мемлекеттік қызметшінің жұмысы мен өзін-өзі ұстауы баршаға анық. Оның беделі – бұл мемлекет беделінің бір бөлігі. Мемлекеттік қызметкерлердің және жалпы биліктегі мемлкеттік органдардың барлық қызметшілерінің жұмысына қарап халық билікке, оның қарапайым халыққа деген көзқарасына баға береді. Осыдан мемлекеттік қызметшінің иығына жүктелген үлкен жауапкершілікті байқауға болады.
Мемлекеттік қызметшіге іскерлік қатынаста ұсынылатын негізгі талаптар мыналар болып табылады: жайдарылық (адамдармен тез тіл табыса білу қабілеті), елгезектік (өзгенің қуанышы мен қайғысын бөлісе білу қабілеті), сезімталдық (басқа адамды түсіне білу қабілеті) және шешендік (сөзбен әсер ете білу қабілеті) сияқты қасиеттер. Бұл қасиеттер "адамдарға ұнай білу" ұғымымен білдіретін табиғи қабілеттер жиынтығын құрайды. Аталмыш қабілеттерді меңгеру және оларды дамыту үшін ұдайы жаттығулар жасау жеке бедел-бейнені табысты қалыптастырудың кепілі.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшінің көпшілікпен араласа білуі, қоғамда өзін ұстай білуі, кеңестер, іскерлік әңгімелесулерді өткізуі, телекамералардың алдында сабырлықты жоғалтпауы, баспасөз өкілдерімен және дипломатиялық корпуспен қатынас ептерінің болуы да талап етілінеді.
Мемлекеттік қызметші болу – зор құрмет. Сондықтан мемлекеттік қызметтегі әрбір адамөз қызметінің барлық жауапкершілігін толықтай сезініп, қызмет амалдарын жетік меңгеріп, өз ісінің білікті маманы болуы қажет.
Тимур АҚПАНБЕТОВ,
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотының приставы