БАЛА ТӘРБИЕСІ – АТА-АНАҒА ПАРЫЗ
Қызылорда облысы көлемінде жасөспірімдер арасындағы топтасқан төбелес және басқа да қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу, ашу бағытында біршама жұмыс атқарылды. Нәтижесінде 2016 жылдың 3 айында кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар саны өткен жылмен бір деңгейде болса, осы қылмыстарды жасаған жасөспірімдер саны 32,3 пайызға (31-ден 21-ге), оның ішінде қылмыс жасаған мектеп оқушылар саны 60 пайызға (10-нан 4-ке), колледж студенттерінің саны 37,5 пайызға (16-дан 10-ға) төмендеді.
Мұндай қылмыстарды алдын алудың бірден-бір жолы – қылмыс жасауға, қаңғыбастыққа, сабақтан себепсіз қалуға бейім кәмелетке толмағандарды анықтау, оларды девианттық мінез-құлықты балаларға арналған мектеп интернатына орналастыру. Нәтижесінде баласын тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерін дәлелді себептерсіз орындамағаны үшін 32 ата-ана соттың құзырымен әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Сонымен қатар балаларының тәрбиесімен айналыспай, психикасына теріс әсер ететін ата-аналарды ата-аналық құқығынан айыру немесе шектеу жұмыстары барысында облыс бойынша 2 ата-ана сот шешімімен ата-аналық құқығынан айырылса, 1 ата-ананың ата-аналық құқығы шектелді.
Кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстарды алдын алу мақсатында 22-24 қаңтар күндері аралығында «Балалар түнгі қалада» профилактикалық іс-шарасы, ақпан айының 16-18 аралығында «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік» атты акциясы өткізілсе, аптаның сенбі күндері «Түнгі қала» жедел профилактикалық іс-шаралары тұрақты түрде ұйымдастырылып, іс-шаралардың нәтижелері республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрғындарға кеңінен насихатталуда.
Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол берген 25 әкімшісі, кәмелеттік жасқа толмағандарға темекі бұйымын сатқан 11 сатушы және жасөспірімдерге алкоголь өнімдерін сатқаны үшін 20 сатушы анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Кәмелетке толмағандар арасында топтық төбелестің алдын алу мақсатында Қызылорда қаласындағы барлық колледждердің басшыларымен келісіп, арнайы іс-шаралар жоспары әзірленді. Осы жоспар негізінде ата-аналар мен мұғалімдердің қатысуымен жиналыстар өткізіліп, құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен бірге Қызылорда қаласына қарасты Ақжарма, Ақсуат, Қосшыңырау, Қарауылтөбе, Қызылжарма, Қызылөзек, Талсуат ауылдық округтерінің және Тасбөгет, Белкөл кенттерінің тұрғындарымен кездесіп, балаларының тәртібін үнемі бақылап отыру керектігін, түнгі мезгілде үйде болуын қадағалау, балалары құқық бұзушылық немесе қылмыс жасаған жағдайда ата-аналардың жауапкершіліктері жайлы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Осы бағыттағы жұмыстар әрі қарай да өз жалғасын табатын болады.
Манарбек ЕСЖАНОВ,
Қызылорда ОІІД жергілікті полиция қызметі
ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы, полиция майоры