М.ИМАНДОСОВ: ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨРЛЕУ АНЫҚ БАЙҚАЛАДЫ
Елбасы жыл басында өзінің : «Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол» атты жариялаған мақаласында ұстанатын бағытты нақты айқындап берді, - дейді Қызылорда облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Мұрат Имандосов.
Мұнан әрі ол: «Жыл басында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» - Ұлт жоспарын орындаудың практикалық кезеңі басталғанын атап көрсетті.
Жалпы ел татулығы мен бірлігі - қандай да болмасын дағдарысқа төтеп беретін ең маңызды құрал. Сондықтан жұмылған жұдырықтай бірігіп жұмыс жасасақ, Елбасының сарабдал саясатты мен бастамаларының арқасында көптеген белестерді бағындыратынымыз анық. Қазіргі уақыттағы әлемдік ахуалдың аса күрделі жағдайда тұрғанын күнделікті ақпарат көздерінен біліп отырсыздар. Барлық мемлекеттер геосаяси және экономикалық сын-қатерлерді бастан өткеруде. Әлемдік нарықтарды мұнай мен энергия көздері, металл бағаларының құлдырауынан экономикадағы тұрақтылық сақталмай отыр.
Осындай сындарлы шақта Мемлекет басшысы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жариялап тығырықтан шығатын жолды көрсетіп берді. Елбасының «Нұрлы Жол» экономикалық саясаты Қазақстанның экономикалық тәуекелдерге қоятын тосқауылы болды.
Президентіміздің басшылығымен жүргізіліп жатқан реформалар нәтижесінде елімізде саяси тұрақтылық қалыптасып, экономикалық өрлеудің айқын байқалатынын шетелдік сарапшылар да мойындауда. Төрткүл дүниедегі дағдарыс пен қиыншылықтарға қарамастан еліміздің экономикалық әлеуеті артып келеді. Бүгінде Қазақстан экономикасы дағдарысқа қарсы тұра алар, иммунитеті қалыптасқан ел екенін дәлелдеді.
Бес институционалдық реформаның төртінші бағыты бойынша - жаңа инвестициялық саясаттың негізін қалау тапсырылды. Елбасының тікелей қадағалауында тұрған индустрияландыру бағытының бірінші бесжылдығын табысты аяқтадық.
Облыста бұл кезеңде 17 жоба іске асырылып, мыңға жуық жұмыс орындары ашылды.
Екінші бесжылдық та қарқынды жалғасын табатын болады. Мұны сіздер өңірімізде атқарылып жатқан істерден көріп отырсыздар. Индустрияландырудың екінші бесжылдығы аясында облыста 6 мыңға жуық жұмыс орнын құруды қамтитын 41 жоба (466,9 млрд теңге) іске асырылады. Атап айтқанда, өткен жылы шыны зауытының құрылысы басталып, қазірде қарқынды жүріп жатыр. Зауыт жылына 197 мың тонна табақша шыны өндіретін болады. Зауытқа қажетті шикізаттың 95%-ы - кварц құмы, доломит және әктас облыста өндіріледі. (Құрылыс кезінде 500 адам жұмысқа тартылса, іске қосылғанда 310 адам тұрақты еңбекпен қамтылады. Жоба құны - 36,7 млрд. теңге, 2017 жылдың 3-ші тоқсанында зауыт толықтай іске қосылады).
Бұдан өзге «Шалқия» кен орнында қайта жөндеу жұмыстары аяқталды. Қорғасын-мырыш кенішінде қуаттылығы жылына 4 млн тонналық кен-байыту комбинаты биыл бой көтеретін болады. (Жоба құны 77,1 млрд. теңгені құрайды. Кәсіпорын толықтай іске қосылғанда 1540 адамды жұмыспен қамтитын болады. Іске қосылудың 1-кезеңі 2017 жыл, 2-кезеңі 2019 жыл)
Сонымен қатар, Ферроқорытпа зауытының ТЭН әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізу жұмыстары аяқталуға таяу. Зауыт төмен-аллюминийлік ферросилиций шығаратын болады.
Қазіргі таңда инвестициялық жобаларды іске асыруды жалғастыру мақсатында қытайлық серіктестермен цемент зауытының фундаментінің құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз. Өңірлік үйлестіру кеңесі тарапынан жобаға қажетті жер учаскесін бөлу оң шешімін тапты. Жоба бойынша зауыт Жосалы кентінің маңында орналасқан, мұнай терминалының солтүстік беткейінде шамамен 500 гектар жерге орналасатын болады. Жалпы жоба құны 180,0 млрд теңге (Оның ішінде 54,0 млрд теңгесі өз қаражаты, халықаралық даму институттарынан 126,0 млрд теңге).
Сонымен қатар, зауыт жұмысқа қосылған кезде мұнай терминалы мен вагон жуу стансасы зауытқа қосымша қызмет көрсететін болады.
Зауыт іске қосылғанда 450 адам жұмыспен қамтылады. 2019 жылы зауытты іске қосылу межеленіп отыр.
Сөзімді қорыта келе, алдағы уақытта да аймаққа инвестиция тарту бағытында көптеген жұмыстар жалғасын табатын болады.
Облыс әкімінің бастамасымен соңғы үш жылда жылына екі рет 6 мәрте инвестициялық форумы өтіп, жетпіске жуық меморандумдарға қол қойылып, 100 млрд. теңгеге жуық қаржы тартылды. Аймақ экономикасының артуына зор ықпал ететін форум жұмысы биылғы жылы да өз жалғасын табады.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласында атап көрсеткендей, бүгінгідей сын сағаттағы жауапкершілік жүгін өздеріңізбен бірлесе көтеріп, тәуелсіз еліміздің болашағы жолында ұлы мақсаттарға бірге қадам басамыз,-деп өз сөзін түйіндеді басқарма басшысы.
Елубай ӘУЕЗОВ