МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДА ІС ҚАҒАЗДАРЫН МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ЖҮРГІЗУ ҚАЖЕТ
Бүгінгі таңда қоғамды өте алаңдатып отырған өткір мәселе тіл мәселесі болып отыр. Бұл мәселе шет мемлекеттерде топтастырушы фактор болып табылады. Көптеген елдерде мемлекеттік тілді меңгеру, қорғау, құрметтеу заңдарда, қоғамдық саяси өмірде де талап етіледі. Сондықтан, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру үшін мемлекеттік органдар өзіндік үлесін қосып, мемлекеттік тілді қажетсінбеу жағдайын жою, мемлекеттік тілді білмесе де мемлекеттік тілді қолдауға ат салысу жолдарын қарастыру кезек күттірмейді.
Осыған байланысты Елбасы Н.Назарбаев «Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы – еліміздің мемлекеттік тілін одан әрі дамытуға бар күш жігерімізді жұмсауымыз керек» - деді. Мемлекеттік тіл бірқатар басқару органдарында қолданылмайды немесе мардымсыз қолданылады. Осыған байланысты, мемлекеттік органдар және сот жүйесі іс жүргізуді, есептік статистикалық, қаржылық және техникалық құжаттаманы мемлекеттік тілге кезең-кезеңмен көшіру жөніндегі жұмысты ҚР Конституциясының 7 бабы 2 тармағындағы қағиданы сақтай отырып, жүргізуі қажет. Сондай-ақ, мемлекеттік тілді сот ісін жүргізу қызметінде қолдану жөніндегі шараларды жүзеге асыру және қабылдау қажет. Алайда, бұл жерде сот жүйесінің тілі мемлекеттік тілге көшу үшін барлық мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан түсетін шағымдар, хат-хабарлар, іс қағаздар мемлекеттік тілде түсуі керек, сонда ғана сот ісін жүргізу тілі мемлекеттік тілге толық көше алады. Бүгінгі таңда республика бойынша сот жүйесінің кеңсе тілі, ішкі ұйымдастыру тілі мемлекеттік тілде ұйымдастырылған.
Мемлекеттік тілдің бүгінгі сын көтермейтін жағдайына мемлекеттік органдар, мекемелер, ұйымдар мен кәсіпорындардың әрбір азаматы алаңдаушылық танытуы тиіс. Қазақстанға үш тұғырлы тіл керек бірақ, алдымен мемлекеттік тілді көтеру қажет.
Бүгінгі таңда мемлекеттік органдар өз тарапынан тілге қатысты шыққан нормативтік актілерді пайдаланып, тиісті іс-шараларды атқаруды міндетке алуы қажет. Еліміздегі өзге ұлт өкілдері әр түрлі себептермен келген этностар. Ауыз бірлікті сақтауды қазақ ғана емес, еліміздегі қазақ емес азаматтар да ойлауға міндетті. Бойдағы рухты көтеру, кеудедегі намысты ояту заман талабы. Мемлекеттік органдарда басым бөлігі қаракөздер болғанмен, мемлекеттік тілде меңгермегендер, ана тілін білуге де құлқысы жоқ, ниеті жоқтар жетерлік. Ел батыры Бауыржан Момышұлы: «Өз тіліне немқұрайлы қарап, одан теріс аналған адам – нағыз оңбаған және сатқын» деген екен. Осындай азаматтардың кесірінен іс қағаздарын жүргізу тілін толық мемлекеттік тілде жүргізу мүмкін болмайтыны анық.
Бұдан патриоттық сезімнің, ұлттық намыстың, еліне деген сүйіспеншіліктің болмауын байқай аласыз. Қазақ тілі үшін ат салыспаған қазақтың азаматы мен азаматшаларын қазақ деудің өзі де қиын. Көппен көтерген жүк жеңіл екенін естен шығармау керек. Орысша оқыдық, орысша өстік деген көлгір сөзді доғарып, намысты ояту қажет. Есі бар, санасында сәулесі бар, намысы бар азаматқа уақыт әлдеқашан жеткен.
Сонымен қатар, өтініштерге жауап беруде, соттың шақыру қағазын беру кезінде т.б. азаматтардың конституциялық құқығын бұзуға жол бермеу қажет. Ал, ҚР АІЖК-нің 13 бабына және ҚР ҚПК-нің 30 бабына сәйкес сот ісін жүргізу тіліндегі талаптар міндетті түрде қатаң сақталу тиіс.
Мемлекеттік органдар бір – бірімен мемлекеттік тілде хат алмасу қажет, қажет жағдайда ғана екі тілде жолдану керек. Мемлекеттік органдарда кеңсе тілінің іс қағаздары мемлекеттік тілде сапалы дайындалмайынша, осы төңіректегі мәселелер семинарлар, дөңгелек үстелдерде талқыланып, тиісті деңгейге көтерілгенінше күн тәрібінен түспеуі қажет.
Кез келген халықтың ұлттық тілі – оның өзгеден жоғары қояр ар-намысы. Ең бастысы ұлттық рухты көтеріп, ел намысын әрбір қазақ азаматы сезіне білсе қазақ тілінің мәртебесі артатынына сенімім мол.
Асыл ИЗТЕЛЕУОВА,
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотының бас
маман – сот мәжілісінің хатшысы