50 ПАЙЫЗДЫҚ ЖЕҢІЛДІК АЙЫППҰЛЫҢЫЗДЫ ЖЕҢІЛДЕТЕДІ
Жылдан жылға айлық есептік көрсеткіш (АЕК) сомасы артқан сайын тұлғаларға салынатын айыппұлдың да мөлшері де өсім алып келеді. Әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынатындардың көбісі дерлік көлік тізгіндеген азаматтар. Сонымен қатар, ұсақ құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын бұзып, қоғамдық орындарда темекі шегіп, ластаған тұрғындар да айыппұл арқылы тезге салынуда. Бірақ осы азаматтардың көбісі 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енген Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің талаптарына сәйкес салынған айыппұлды 7 тәулік ішінде 50 пайыздық жеңілдікпен өтеуге болатындығын қаперге ала бермейді. Бір жылдан астам уақыт қолданыста болған жаңа Әкімшілік Кодекстің 811-бабы 1-бөлігінде «Әкімшілік құқық бұзушылық табылған және оны жасаған тұлға анықталған кезде, лауазымды адам тұлғаға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың көшірмесін қатаң қаржылық есептілік құжаты болып табылатын, белгіленген үлгідегі түбіртекпен бірге тапсырады» делінген. Осыған орай сіз жол-патрульдік полиция қызметкерлерінен хаттама көшірмесі мен түбіртекті беруін талап етуге құқылысыз. Егер полиция қызметкері өзіңізге қатысты толтырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама көшірмесі мен түбіртекті бермеген жағдайда, ол заң бұзушылық болып табылады. Мұндай жағдайда сіз ұялы телефоныңыз арқылы 102 нөміріне немесе Облыстық ішкі істер департаментінің 87768980102 нөмірлі WhatsApp желісіне хабар беруіңізге толық құқығыңыз бар.
Жаңа Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес, 50 пайыздық жеңілдік барлық әкімшілік құқық бұзушылықтарға жасалмайтындығын да ескерткен жөн. Осы Кодекстің 810-бабында лауазымды тұлға салынған айыппұл мөлшерімен келісіп, өз кінәсін мойындаған жағдайларда ғана жүзеге асырылады деп көрсетілген. Егер сіз хаттамамен келіспей, қарсылық танытсаңыз, алайда сіз жасаған құқық бұзушылық дәлелін тапса, онда сіз 50 пайыз жеңілдіктен қағыласыз. Сондай-ақ, егер құқық бұзушылықты кәмелет жасқа толмаған адам жасаса, істерін салық қызметінің органдары қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтарға да жеңілдік қарастырылмаған. Оған қоса көшелерде орналасқан құқық бұзушылықты автоматты түрде тіркейтін, сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдарымен және аспаптармен тіркелген құқық бұзушылықтарға жеңілдік жасалмайды.
Егер сіз 7 тәулік ішінде айыппұлды төлемесеңіз, 50 пайыздық жеңілдіктің күші жойылып, толық төлеуге міндетті боласыз. Егер айыппұлды 1 ай ішінде өтемесеңіз, айыппұл жұмыс орныңызға немесе сотқа жолданады. Айыппұл салу туралы қаулыны сот немесе уәкілетті орган тұлғаның жалақысынан немесе өзге де кірістерінен айыппұл сомасын мәжбүрлеп ұстап қалу үшін сіз жұмыс істейтін, не сыйақы, зейнетақы, шәкіртақы (стипендия) алатын ұйымның әкімшілігіне жібереді. Егер жауапқа тартылған тұлға жұмыстан босатылған не оның жалақысынан немесе өзге кірістерінен өндіру мүмкін болмаған жағдайда заңнамада көрсетілген тәртіп бойынша мәжбүрлеп өндірту мақсатында іс жеке сот орындаушыларына жолданады. Жеке сот орындаушы сізден айыппұлмен қоса өз қызметі үшін тағы айыппұл сомасының 25 пайызы көлемінде ақы өндіреді.
Осылайша, сіз дер кезінде өз борышыңызды өтемей, қосымша шығынға да ұшырауыңыз әбден мүмкін. Сондықтан айыппұлды 7 тәулік ішінде жартысын төлеп, өз қаржыңызды үнемдегеніңіз абзал. Осыған орай, елу пайыздық жеңілдік жайлы және салынған айыппұл бойынша басқа да ақпарат алу үшін қала орталығындағы Жібек жолы көшесі бойында орналасқан Жергілікті полиция қызметінің ғимаратында орналасқан Әкімшілік практика бөліміне келіп сұрауларыңызға болатындығын хабарлаймыз.
Алтынбек АХМЕТОВ,
Қызылорда ОІІД Әкімшілік полиция басқармасының
бастығы, полиция полковнигі