ӘДЕПТІ ӘРІПТЕС, ӘДЕМІ ӘЖЕ
Сұлулық пен нәзіктікті, қажыр мен қайсарлықты бойына жинаған арулардың мейрамы жайма-шуақ көктеммен қатар келедi. Ана – өмiрдiң алтын дiңгегi, бар адамзатқа өмiр сыйлаушы. Ал көктемде табиғат ана қайта құлпырып, айналасына шуақ шашады. Бұл мейрамның пайда болуының өз тарихы бар.
ХІХ ғасырдың ІІ-жартысында Солтүстік Америкада ауыр жұмыс, мардымсыз жалақы, жұмыс уақытының ұзақтығына байланысты қоғамдық пікірлер белең ала бастайды. 1857 жылдың 8-наурызында Нью-Йоркта тігін және аяқ-киім фабрикаларының жұмысшы әйелдері 10 сағаттық жұмыс күнін, жарық әрі құрғақ жұмыс орындарын, ер адамдармен бірдей жалақы мөлшерін талап етеді. Әйелдер бұған дейін тәулігіне 16 сағаттан астам уақыт еңбек етіп, оған мардымсыз жалақы алған. Оған қоса бірнеше қалаларда әйелдер сайлау құқығын талап етіп, шерулер бастаған. 1910 жылы Копенгаген қаласында өткен халықаралық конференцияда Клара Цеткин 8 наурыз күнін халықаралық әйелдер күні ретінде атап өту туралы ұсыныс жасайды. Бұл әлемнің төрт бұрышындағы әйелдерге өз құқықтары үшін күресуге үндеу болатын. 1911 жылы Австрия, Дания, Германия, Швейцария елдерінде аталып өтті. 1913 жылы Петербургте қала басшылығына «әйелдер мәселесі» атты өтініш берілді. Кеңес Үкіметі 8 наурызды мемлекеттік мейрам дәрежесіне көтеріп, 1965-жылдан бастап ресми демалыс болып жарияланды. Кеңес Үкіметі тараса да, ТМД елдері 8 наурызды тойлап келеді.
Осындай шуақты мереке тұсында Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінде қызмет етіп келе жатқан әріптесіміз Айнұр Шәкірова туралы айтып, ізгі лебізімізді жеткізуді жөн санадық. Айнұр Жорабекқызы әріптестері арасында өте әдепті, отбасында ибалы келін, адал жар, аяулы ана, әдемі әже атанып отырған жан. Ол өзі туралы әңгіме тиегін ағытқанда былай деді: «Өзім отбасында төрт ағайындымыз, 1972 жылы 26 тамызда Қызылорда қаласы, Қызылжарма кентінде дүниеге келдім. №144 орта мектеп табалдырығын 1979 жылы аттап, 1989 жылы бітірдім. 1995 жылы Н.В. Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының филология факультетін тамамдадым. Алғашқы еңбек жолымды Қызылорда қаласындағы №50 «Жұлдыз» балабақшасында тәрбиеші болып бастап, 1999 – 2005 жылдары №233 орта мектепте мұғалім болып жұмыс істедім.».
Айнұрдың бір ерекшелігі отбасы мен қызметті қатар алып жүруі, кейінгі буынға үлгі боларлықтай. 1992 жылы студент кезінде-ақ отбасын құрған ол: «жанұясында жеті ағайынды үлкен отбасыға келін болып түстім»-, дейді. Өмірдің ыстығы мен суығына бірге төзе білген отағасы Әлһайдар екеуі айрандай ұйып отырған отбасының негізін қалаған. Иә, бүгінде жұбайы Тұрлыханов Әлһайдар «Хабар» Агенттігі АҚ-да операторлық қызмет атқарады. Жанұяда Жансая есімді қызы, Бағлан, Әлішер есімді ұлдары бар. Оған қоса Қайсар, Айбар, Кәусар атты немерелерінің ата-әжесі. Бұндай абыройға жету үшін отбасында отағасы мен балалардың бабын жасау, қызметте тапсырмаларды мүлтіксіз орындауды қатар алып жүру керек. Ол үшін әдепті мінез бен үлкен еңбек қажет. Ол 2005 жылдан бері Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінде бас маман қызметін абыроймен атқарып келеді. Олай деуімізге себеп, басшылық тарапынан әр жылдары алған марапаттары. Атап айтсақ, 2006 жылы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының грамотасымен, 2012 жылы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрі В.К.Божконың «Құрмет Грамотасымен», 2015 жылы Қызылорда облысы әкімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған.
«Үлгілі жанұяның ұйытқысы, ұжымдастың әдепті әріптесі, немерелердің әдемі әжесі – Айнұр Жорабекқызына шуақты мереке қарсаңында абырой биігінен көріне беріңіз»-, деген тілегімізді арнадық.
Айгүл НҰРМАНОВА,
Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы