ӨЗ ТАҢДАУЫҢДЫ ЖАСА
Бүгінгі күнгі әлемдік қаржы дағдарысы тек біздің елді ғана емес, дамыған мемлекеттердің өзін абыржытып отырғаны белгілі. Дүниежүзінде жаңа жағдай қалыптасып отыр. Рас, Қазақстан бұған дейінгі дағдарыстардан аман өткен болатын. Әрине, бұл орайда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегендігі және сарабдал саясаткерлігін атап өтпеске болмайды.
Мемлекет басшысы бұл жолғы дағдарысты да еңсерудің жолдарын «Бес институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында, «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айқындап берген болатын. Енді «Ұлт Жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» бағдарламалық мақаласында дағдарысты еңсерудің тетіктерін таразыға салып, нақтылы жүзеге асырудың нақты жолдарын ұсынды.
Елбасы жария еткен 5 институттық реформа елдің қағидатты түрде жаңа институттық ортасын қалыптастыруға берік негіз қалайды.
Бұл 5 реформаның әрқайсысы дамудың қазіргі кезеңінде Қазақстанның алдында тұрған барынша өзекті проблемаларын шешеді.
Бірінші реформа – заманауи тиімді мемлекеттік аппарат құру бұл қазіргі заманғы мемлекеттік қызметтің мансаптық моделін жасап, сыбайлас жемқорлыққа жол бермейтін мәдениет қалыптастырады.
Екінші реформа- заңның үстемдігі. Бұл үстемдік құқықтық мемлекет құру жолындағы Қазақстан үшін басым басымдық болмақ. Өйткені, сот жүйесінің әділдігі мен жаңғыруы, құқық қорғау қызметінің азаматтар игілігі үшін жұмыс жасауы - заң үстемдігінің негізгісі болып табылмақ.
Үшінші реформа- іс жүзінде елдің экономикалық және әлеуметтік дамуының барлық салаларында құрылымдық реформаларды жүргізуге бастайды. Осыған байланысты үшінші институттық реформа салыстырмалы бәсекелестік артықшылықтарды барынша пайдалануға, адам капиталын дамытуға және экономикада жеке секторды кеңейтуге күш шоғырландырады. Әлеуметтік салада білім беру, денсаулық сақтау, еңбек қатынастары жүйелерін жаңғыртады.
Төртінші реформа – ұлттың біртектілігі мен бірлігін нығайтуға бағытталған. Бұл реформа «бірлік» деген қағидатты одан әрі жетілдіріп, барша қазақстандықтарды топтастыруға және біртұтас ұлт қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Бесінші реформа- «Ашық Үкімет» қалыптастыруды міндет етіп қойып отыр. Бұл реформа өзін өзі реттеу мен жергілікті өзін өзі басқаруды дамытуға, мемлекеттік мәселелерді шешуге қатысуға, сондай-ақ азаматтардың ақпарат алу құқын кеңейтуге жаңа мүмкіндіктер береді.
Бұл реформаларды іске асыруда халық қалаулыларының қарымды жұмыс жасауы аса қажет. Осы орайда, кәсіби Парламент жасақтау уақыт талабы болып отыр.
Осылайша, жаһандық дағдарыстың үдей түсуі, экономикалық қиыншылықтар мен әлеуметтік хал-жағдайдың төмендеуі Елбасының сындарлы шешім қабылдауына түрткі болды.
Яғни, елімізде 20 наурыз күні Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі мен маслихаттардың депаутаттарын сайлау өтетін болды.
Қазақстанның қазіргі сайлау жүйесі демократияның даму даңғылына түскен таңдаулы тәжірибесімен ерекшеленеді. Бұл жөнінде бұған дейін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері де, Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассемблеясы да, халықаралық байқаушылар да басым баға беріп қойған.
Қазір барлық сайлау комиссиялары, партиялар 20 наурыз күні болатын ҚР-ның Парламенті Мәжілісі мен маслихаттардың депаутаттарын сайлау жұмысына қызу дайындық үстінде.
Мәжіліс депутаттарының сайлауы республикамызда қашанда тартысты өтеді. Әрине депутаттыққа үміткерлер арасында. Қай азаматтың халық қалаулысы болғысы келмейді. Депутаттыққа өз кандидатурасын ұсынған әрбір үміткер үгіт насихат, бағдарлама арқылы халықтың ойынан шығуға тырысады. Мейлі бұлай жасауға сайланушылардың құқығы бар. Олар осы құқықтарын қалайда тиімді әрі кеңінен пайдаланып өз мақсаттарына жетіп жатады. Ал, осылар сияқты сайлаушылар да өз құқықтарын кеңінен пайдалана алады ма? Республиканың он сегіз жасқа жеткен азаматтары тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, тіліне, ұлтына, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне қарамастан сайлауда дауыс беруге құқылы.
Еліміздің Конституциясының 1-бабында «Республика қызметінің түбегейлі принциптерінің.... бірі мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу» - делінсе, 3-бапта «Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асыратындығы» - айқындалған.
Ендеше, Қазақстан Республикасының азаматы ретінде Конституциялық заңмен бекітілген құқығымызды алдағы сайлауда құр жібермей, өз таңдауымызды жасайық.
Гүлмира ИСКАКОВА,
Қызылорда қаласының мамандандырылған
әкімшілік сотының судьясы