БӘРІМІЗ – БІРІМІЗ ҮШІН, БІРІМІЗ – БӘРІМІЗ ҮШІН
Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2015 жылғы 30 қарашадағы Жолдауында аса күрделі, қиын кезеңде бірлігімізді сақтап, еліміздің игілігі үшін аянбай тер төгіп, «бәріміз – біріміз үшін, біріміз – бәріміз үшін» деген қағиданы ұстанып, еңбек етуге шақырған болатын.
Биыл Мемлекетіміз тәуелсіздік алғанына 25 жыл болады. Осы бір ширек ғасырдың ішінде еліміз аяғына тік тұрып, дамыған елдер қатарынан көріну үшін бірқатар жұмыстар атқарып келуде. Десек те, жаңа заманның қатерлері мен тың мүмкіндіктері қатар өрбіген жаһандық ахуал біздің көз алдымызда өзгеріп келеді.
Елбасы дағдарыс тығырығынан шығу, жаңа белестерді бағындыру, қандай қиындықтар болса да әлемдегі озық 30 елдің қатарынан көріну мақсатынан таймау үшін 5 халықтық реформаны жүзеге асыратын «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарына қуат беретін 5 міндетті айқындап берді. Олар қаржылық секторды тұрақтандыру, бюджет саясатын оңтайландыру, жекешелендіру және экономикалық бәсекелестікті ынталандыру, жаңа инвестициялар тарту, жаңа әлеуметтік саясатты жүзеге асыру. Сонымен қатар, бес институционалдық реформаны жүзеге асыру үшін кәсіби білікті аппарат құрып, заңның үстемділігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызметкерлерге қойылатын жаңа талаптар мен жаңа жүйесі де осы жоспарда көрсетіліп, бүгін де «100 нақты қадам» бағдарламасының жұмыстары сот жүйесінде де белсенді жүргізілуде. Атап айтқанда, бес сатылы сот жүйесінен үш сатылы жүйеге ауысуы, Алқа билер соты қолданылатын салаларда қылмыстық істердің категорияларының анықталуы, судьялардың жаңа этикалық кодексінің бекітілуі және сот ғимараттарын заманауи техникалық құрылғылармен жабдықтау жұмыстарының жүргізілуі.
Қазақстанның сот жүйесі Тәуелсіздік жылдарынан бері терең реформаларды басынан өткеріп келгені белгілі. Бүгінгі таңда елімізде сот жүйесінің өзіндік заңдық базасы қалыптасты. Әділ сот жүйесінің жұмысы әлемдік стандарттарға сәйкестендіріп, соттың тәуелсіздігін кепілдендіретін құқықтық тетіктер енгізілуде. Сондай-ақ, кейбір заңдарға тиісті өзгерістер енгізіліп, жаңа заңдар қабылданып, 2016 жылдың 1 қаңтарынан жұмыс істеуде. Атап айтқанда, Қылмыстық процестік кодексі, жаңа Азаматтық процестік кодексі, Мемлекеттік қызмет туралы Заңы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заң. Алдағы уақытта біз осы жолда бірігіп, белгіленген 5 бағыт бойынша жұмыс істеуіміз керек. Бұл бір жағынан қарапайым азаматтардың мүддесін қорғайды, екінші жағынан жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
Біздің барлығымыз мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне жауаптымыз. Дағдарысты еңсеру әрине оңай емес, сондықтан әр қазақстандық «Мәңгілік Ел болу» болу жолында бәріміз бірігіп, жұдырықтай жұмылуымыз керек. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп ата-бабаларымыз бекер айтпаса керек. Сонда ғана алға қойған арман – мақсаттарымызға бірлесіп жетеміз деп ойлаймын.
СҮЛЕЙМЕН Сағатбек,
Қызылорда облысының қылмыстық
істер жөніндегі мамандандырылған
ауданаралық сотының төрағасы