МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН МОДЕЛІ
Мемлекеттік қызметтің кадр құрамын сапа жағынан жақсарту, іріктеу мен кәсіби дайындық әдістемелерін жетілдіру, меритократия принципін енгізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды күшейту «Қазақстан-2050» Стратегиясындағы қазақстандық мемлекеттік қызметті дамытудағы маңызды басымдықтары болып айқындалған.
Еліміздің Президенті белгілеген әкімшілік реформаның мақсаты - халыққа және мемлекетке қызмет етуді барлығынан жоғары қоятын кәсіби мемлекеттік аппарат құру. Аталған мақсатты іске асыруға бағытталған міндеттер қатарында мемлекеттік қызметшілердің ман¬сап¬тық өсуінің қағидатты жаңа тетігін енгізуге маңызды орын белгіленді.
Осы мақсаттарды және бес институционалдық реформаларын іске асыру бойынша 100 нақты қадам – Ұлт жоспарын жүзеге асыру үшін мемлекеттік қызметтің жаңартылған моделін қалыптастыратын жаңа «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Заңы 2015 жылдың 23 қарашасында қабылданды. Аталған заң 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген, елдің тыныс-тіршілігіне жаңа серпін берген, мемлекетті, экономика мен қоғамды дамыту үшін қағидатты жаңа құқықтық орта қалыптастыратын жаңа 59 заңның бірі. Мемлекеттік қызмет туралы заң мемлекеттік қызметтің жаңартылған моделінің негізгі шеңберлерін және мемлекетті басқарудың барлық жүйесінің тиімділігін күшейту тәртібін айқындаған.
1999 жылдың 23 шілдесіндегі Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік қызмет туралы Заң 8 тараудан 30 баптан тұрса, жаңадан қабылданған заң 12 тараудан 69 баптан қалыптасқан. Жаңа Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы Заңында «А» және «Б» корпустарының мемлекеттік әкімшілік қызметіне кіру және оны өткеру ерекшеліктері жеке жеке тарау болып қалыптасып, мемлекеттік қызметтің әр корпусына кадрларды іріктеу, лауазымға орналасуға арналған конкурстарды өткізу тәртібі және лауазымға тағайындау ерекшеліктері кеңінен көрініс тапқан. Сонымен бірге, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі жаңа заңның 8 тарауында қамтылып, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар шеңбері айқындалып, заңнамалық түрде бекітілген. Заң мемлекеттік қызметтің және мемлекеттік қызметкердің мәртебесін көтере отырып, осы лауазымды атқаратын мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілік салмағының үдесі де артқан.
Бұл уақытқа дейін мемлекеттік қызмет саласын құқықтық реттеген заң құқық қорғау қызметін атқарып жүрген қызметшілерді қамтымаса, жаңа Заңның негізгі қағидалары 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға түсетіндерді қоспағанда, құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарға да қолданылатын болады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «мемлекеттік қызметшінің мансап жолындағы өсуі біздің адамдардың талантымен, жеделдігімен, кәсіби дайындығымен тікелей байланысты болмақ» - деп, әкімшілік мемлекеттік қызметшінің мансабы оның біліктілігі және жинақтаған тәжірибесі есепке алына отырып құралатынын жеткізген болатын. Бұл ретте жаңадан қабылданған заң мемлекеттік қызметке орналасуға ниетті азаматтардың кешенді іріктеу мен жұмысты тек төменгі лауазымдардан бастау нәтижелері бойынша мүмкін болатынын бекіткен.
Мемлекеттік қызметке алғашқы рет қабылданушыларға Заңның 26 бабына сәйкес, мемлекеттік қызметке кіру 3 кезеңнен өтуды қамтиды. Бірінші кезең – мемлекеттік тілді және Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуден өту, екінші кезең – мемлекеттік қызметке орналасушы үміткерлердің жеке қасиеттері мен негізгі құзіреттерінің (бастамашылдық, жұмыс сапасы мен нәтижесіне бағдарлану, әдептілік, жемқорлыққа төзбеушілік, стратегиялық ойлау, көшбасшылық және т.б.) бойынша тестілеу, үшінші кезең – мемлекеттік органда бейінді білімі бойынша өткізілетін конкурстық әңгімелесу. Бұл ретте заңнаманы білуге тестілеудің нәтижелері бойынша шекті мәннен өткен жағдайда үміткерлер келесі кезеңге жіберілетін болады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы Заңының 27 бабының 1 бөлігіне сәйкес, «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурстың 2 түрі бар. Бірінші түрі бұл азаматтар арасындағы жалпы конкурс болса, екіншісі – мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс. Жалпы конкурс «Б» корпусының бос немесе уақытша бос төменгі мемлекеттік әкімшілік лауазымына, сондай-ақ мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында конкурстық комиссияның немесе бірыңғай конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушылар болмаған кездегі төменгі лауазым болып табылмайтын өзге де бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу үшін өткізіледі.
Ал, ішкі конкурс «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін мемлекеттік орган осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында өткізеді. Бұған дейінгі мемлекеттік қызмет туралы заңнамада мемлекеттік қызметшілердің бос тұрған лауазымдарға ауысу институты арқылы біліктілік талабы сай келген уақытта бос лауазымға тағайындау мүмкін болса, жаңа заңнама ауысу институтын шектеген. Ауысу институты көмекші, кеңесші, баспасөз хатшылары лауазымдарына, «А» және «В» санат топтарына жататын мемлекеттік органдар үшін ғана сақталған.
Мемлекеттік органда төменгі лауазымда жұмысы өтілі бар, біліктілігі мен қабілеті бар, өз қызметтік міндетін адал атқарған мемлекеттік қызметшілерді ілгерілету ішкі конкурс өткізу жолымен жоғары тұрған мемлекеттік лауазымдарға сатылып көтеру арқылы жүзеге асырылады.
Жаңа Мемлекеттік қызмет туралы Заңмен сонымен бірге, мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданушылар үшін міндетті сынақ мерзімін белгілеп, белгілі бір дағдыларды білу талаптары мен сынақ тапсырмаларын қамтитын 3 айға жеке бейімделу жоспарын жасап, тәжірибелі тәлімгерді бекіту, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап еңбекақы төлеудің факторлық-баллдық шкаласына көшу, мемлекеттік қызметшілердің қызметті өткеру нәтижесін тұрақты бағалап, бонустар төлеу, «Б» корпусының басшылық құрамына ротациялау институтын енгізу, кешенді аттестациядан өткізу жұмыстарын жүргізу заңнамалық тұрғыдан айқын көрініс тапқан.
Жаңа заңнаманың тағы бір ерекшелігі мемлекеттік қызметшілердің әдебі мәселесіне кеңінен тоқталып, қызметтік әдепті сақтау бойынша қойылатын талаптарды, мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтарды, мүдделер қақтығыс, мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқы нормаларын бекіткен. Бұған дейінгі қолданыста болған заңда көзделмеген жаңадан 8 тарау «Мемлекеттік қызметішлердің қызметтік әдебі» қалыптасқан.
Бұрынғы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 12 бабымен сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқықбұзушылықтар тізбесі көзделген болатын. Аталған бұзушылықтар іс жүзінде сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар болмағанымен бұл бапқа сәйкес қызметшілерге тәртіптік жаза қолданылса, олар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған болып есептелінетін. Жаңа Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы заңына сәйкес, бұл бұзушылықтар «мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар» болып бекітілді. Заңның 44 бабының 5 тармағына сәйкес, мұндай сипаттағы теріс қылықтарды жасауға жол берген мемлекеттік қызметшіге лауазымынан төмендету, ал төмен тұрған бос лауазым болмаған жағдайда – қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жазаны қолдану көзделген. Бірінші тәртіптік теріс қылығы үшін тәртіптік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде осы теріс қылықтарды қайталап жасаған жағдайда мемлекеттік қызметшіні атқаратын лауазымынан босату шарасы көзделген.
Сонымен бірге, атқарып отырған қызметінен босату түріндегі тәртіптік жаза алған қызметші Заңның 16 бабы 3 тармағының 6) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметке орналаса алмайды.
Бүгінгі таңда кәсіби мемлекеттік аппаратты құрудың маңыздылығы орасан зор. Бұл – басқару жүйесіне де, мамандарды даярлау ісіне де қатысты. «Мемлекеттік қызмет туралы» заңға тың әрі өміршең толықтырулар енгізілді. Мемлекеттік қызметкерлер өзінің біліктілігімен, кәсіби және іскерлік шеберлігімен бағалануы тиіс. Өзіне жүктелген жұмысты уақытында әрі тиімді орындап, нәтижесін көрсете білген маман ғана жаңа заманның талаптарына жауап бере алады. Олай болса жаңа заңнамаға сәйкес бұдан былай мемлекеттік органдарда бәсекеге қабілетті мамандар жұмыс істейтін болады. Демек, жаңа заң кәсіби мемлекеттік аппаратты құруға жарқын жол ашады. Бұл – еліміз үшін үлкен серпіліс болмақ.
Салтанат СМАҒҰЛОВА,
Қызылорда облысы бойынша Соттар
әкімшісі басшысының орынбасары