VIІ СЪЕЗД СУДЬЯЛАР ӘДЕБІНІҢ ЖАҢА КОДЕКСІН ҚАБЫЛДАНУЫМЕН ЕРЕКШЕЛЕНБЕК
Тәуелсіздігімізді алғаннан бері республика судьяларының 6 рет съезі өтіп, онда алда атқарылуға тиіс ауқымды шаралар белгіленген болатын. Сондай-ақ, сот жүйесі материалдық-техникалық жағынан оң өзгерістерді өткерді. Жаңадан сот ғимараттары салынса, көпшілігіне күрделі жөндеулер жүргізіліп, компьютерлер мен заманауи техникалық құралдармен жабдықталды.
Судьялардың съезі - сот жүйесінің дамуы мен өзекті мәселелердің шешімін табуына, әр аймақтан келген судьялардың ой-пікір алмасуына, сот жүйесінің жетіспеушіліктерінің толықтырылып, қамтамасыз етілуіне ықпалын тигізеді.
Соңғы 2013 жылдың 20 қарашасында өткен Қазақстан Республикасы Судьяларының VI съезінде сот саласының соңғы 4 жылда атқарған жұмыстарының нәтижесі басты назарда болды. Съезде сот жүйесін әрі қарай ілгерілету, орын алған кемшіліктерді көрсетіп, судьялар жұмысына жаңа серпін беру, құқықтық жүйені белсенді қалыптастыру мақсаты баса айтылды.
Қазақстан Республикасы Судьяларының VI съезінде сот жүйесінің дамығанын көру, ондағы мәселелерге сын көзбен қарап, дер кезінде шешу мәселесін мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев: «біріншіден, Қазақстандағы сот өндірісі әзірге негізсіз ұзақ және формальды сипатқа ие, екіншіден, соттардың мамандануын дамыту бөлігінде біз әлі жолдың басында тұрмыз. Үшіншіден, судьяларға түсетін жүктеменің өсуі мәселесін шешу маңызды, төртіншіден, қазақстандық сот жүйесі әлі де болса соттар қателігі, заңдылық пен судья этикасын бұзу фактілерімен беттесуде». Сонымен қатар, елбасы «Медиация туралы заңнаманың жетілмегендігі біздің еліміздегі даулы жағдайларды реттейтін соттық емес институттардың дамуын тежеп отыр» деп Медиация туралы отандық заңнаманы халықаралық стандарттармен сәйкестендіру керектігін басып айтты.
Қазақстан Республикасы Судьяларының әр съезінде қабылданған шешімдері орындалып келеді. Мәселен VI съездің игілікті қорытындысы деп 2014 жылы республикалық бюджетте судьялар санын 450 адамға ұлғайтуды қарастыруға тапсырма берілді, бұл 25 пайыздық өсім, сондай-ақ қосымша 450 персонал және 60 сот приставы. Нәтижесінде судьялар корпусының құрамы және сот аппараттары 960 адамға ұлғайды. Бұл Қазақстанның сот жүйесіне оң ықпал ете білді және соттардың жүгін жеңілдетуге септігін тигізді.
Қазақстан Республикасының Судьялар Одағы 2016 жылдың маусымында Судьялар Одағының кезектен тыс VII съезін шақыру туралы қаулы қабылдады. Съезд Астана қаласында өтеді деп жоспарлануда.
Жоспарланған кезектен тыс съезге байланысты Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында Қазақстан Республикасы судьялар Одағының Қызылорда облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен конференция өтті. Конференцияда съезге баратын делегаттар сайланды.
Қызылорда облыстық сотынан Қазақстан Республикасы VII съезіне облыстық соттың төрағасы Н.М.Қайырбеков, Қазақстан Республикасы судьялар Одағының Қызылорда филиалының төрағасы А.Дауренбеков, облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төрағасы Б.Қарабаев, Қармақшы аудандық сотының судьясы К.Қаниева, Қызылорда облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Р.Шамшиев, Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы А.Сабыров, отставкідағы судья Б.Сариев делегат ретінде қатысатын болды.
Аталмыш съезд бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам - баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт Жоспарының 19 қадамын іс жүзінде жүзеге асыру. Аталған шешім судьялардың кәсіби және моральдық бейнесіне деген қоғам талабының артуына, сондай-ақ Судьялар әдебінің жаңа кодексін қабылдау қажеттігіне байланысты қабылданды.
Қазіргі қолданыстағы Судья әдебінің кодексі 2009 жылдың 18 қарашада Қазақстан Республикасы судьяларының V съезінде қабылданды.
Биыл маусым айында республика судьяларының кезектен тыс VIІ съезінің басты мәселесі Судьялар әдебінің жаңа кодексін қабылдау. Бұл съезд республикамыздағы судьяларға жаңа міндеттер қойып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етеді. Жалпы, Судья әдебінің кодексін қабылдау, сондай-ақ, Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасы судьялары съезінің ерекше құзіреті болып табылады.
Артур НАРИМОВ,
Қызылорда облыстық сотының судьясы,
баспасөз қызметін үйлестірушісі