САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА КЕДЕРГI ЖАСАҒАНДАРҒА ЖАЗА КӨЗДЕЛГЕН
Ағымдағы жылдың 20 наурызында ҚР Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы мен республика мәслихаттары депутаттарының сайлауы өтеді.
Қазақстанда сайлауды өткізудің ережелері, рәсімдері мен негізгі ұстанымдары Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңымен, Орталық сайлау комиссиясының қаулыларымен белгіленеді.
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 2 бабында айқындалғандай, Қазақстан Республикасында сайлау азаматтардың өзінің сайлау және сайлану құқығын еркін жүзеге асыруына негізделген. Бұл ретте Президентті, Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Республика Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүргізіледі.
Республика азаматтарының сайлауға қатысуы ерікті болып табылады. Ал азаматтарды сайлауға қатысуға немесе қатыспауға мәжбүрлеуге, сондай-ақ, оның ерік білдіруін шектеуге ешкімнің құқығы жоқ.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 150 бабында сайлау құқықтарын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссияларының жұмысына кедергi жасағандарға жаза көзделген. Атап айтқанда, аталмыш баптың 1 тармағында азаматтың өзiнiң сайлау құқықтарын немесе референдумға қатысу құқығын еркiн жүзеге асыруына кедергi жасау, сондай-ақ сайлау комиссияларының немесе референдум өткізу жөнiндегi комиссиялардың жұмысына заңсыз араласу және дауыс беруге, кандидатты, партиялық тiзiмдердi тiркеуге, дауыстарды санауға және сайлаудағы немесе референдумдағы дауыс беру нәтижелерiн айқындауға байланысты мiндеттерiн атқаруына кедергi жасау - бір жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады.
Сондай-ақ, параға сатып алумен, алдаумен, күш қолданумен не оны қолдану қатерін төндірумен ұласқан, адам өзiнiң лауазымдық жағдайын немесе қызмет бабын пайдалана отырып жасаған, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе қылмыстық топ жасаған, электрондық сайлау жүйесi жұмыс iстеуiнiң белгiленген тәртiбiн бұзу жолымен жасалған дәл сол іс-әрекеттер - төрт мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР Қылмыстық кодексiнің 151 бабында сайлау құжаттарын немесе референдум құжаттарын бұрмалау, бюллетеньдерге немесе қол қойылған парақтарға жалған жазбалар енгiзу, дауыстарды көрiнеу дұрыс есептемеу не сайлаудың нәтижелерiн немесе референдум қорытындыларын көрiнеу дұрыс айқындамау не дауыс беру құпиясын бұзу, егер бұл іс-әрекеттердi Қазақстан Республикасының Президентiне кандидаттың сенім білдірілген адамы немесе депутаттыққа кандидаттың сенім білдірілген адамы, сол сияқты сайлау комиссиясының немесе референдум өткізу жөнiндегi комиссияның мүшесi жасаса, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, төрт мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Электрондық сайлау жүйесi жұмыс iстеуiнiң белгiленген тәртiбiн бұзу жолымен жасалған дәл сол іс-әрекеттер - жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Соттар мен прокуратура органдары сайлау комиссиялары мүшелерінің, азаматтардың, заңда белгіленген тәртіппен тіркелген қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің дауыс беруді өткізуге қатысты, сондай-ақ, сайлау туралы заңдардың бұзылуы жөніндегі сайлауды әзірлеу мен өткізу кезегінде келіп түскен арыздарын қарап, оларды бес күн мерзімде, ал дауыс беру алдындағы бес күнге жетпейтін уақыт ішінде және дауыс беру күні келіп түскендерін дереу қарауға міндетті.
Осыған орай, соттармен демалыс күндері кезекшілік кестесі жасалып, бұл санаттағы барлық арыздардың қабылданып, қозғалған істердің заңмен белгіленген мерзімде қаралып, заңды және негізді шешім қабылдануы ерекше бақылауға алынған.
Нұрлыбек ҚОСАНОВ,
Жаңақорған аудандық сотының төрағасы