ЭЛЕКТРОНДЫ ҮКІМЕТ ПОРТАЛЫ АРҚЫЛЫ ӨЗ УАҚЫТЫҢЫЗДЫ ӨЗІҢІЗ ИГЕРІҢІЗ
Көп жағдайда әділдік іздеп сандалып шаршаған адамдар электронды үкімет порталы арқылы өз мәселелерін лезде шешіп жатады. Портал арқылы азаматтар тікелей басшыларға шығып, өтініштерін білдіріп, мұқтаждықтарын айта алады.
Электронды үкіметтің қызмет көрсету аясы күн сайын кеңеюде. Мәселен, дара кәсіпкерлікті тіркеу, жұмыссыздық бойынша анықтама, мұрағаттық анықтамалар алу, лицензия алуға өтініш беру, некені тіркеуге қою қызметтері үшін онда өтініш қалдыруға болады. Ол үшін электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алу керек.
Бұл – сіздің жалпы интернет жүйесін еркін пайдалануға мүмкіндік беретін жеке кілтіңіз. Өзіңіздің жеке электрондыққ цифрлы қотаңбаңыз арқылы өзгелерге қолжетімсіз сайттарды ашып пайдалана аласыз. ЭЦҚ электронды үкімет порталы арқылы өзіңізге қажетті ақпараттарға қол жеткізуге, сонымен бірге бірқатар мемлекеттік қызметті алуға мүмкіндік береді. Айталық, мекен-жай анықтамасын, зейнетақы қорыңыз туралы анықтама, үй-жайының бар-жоғы туралы анықтама, жылжымайтын мүліктің ауыртпалығы туралы анықтамаларды лезде аласыз. Тұтынушылар өз беттерінше қол жеткізе алатын анықтамалар қатары мен мемлекеттік қызметтер саны жақын арада тағы көбеймек.
Қоғамның дәл қазіргі кезеңін инновациялық технология кезеңі деп атасақ артық емес. Себебі инновациялық ақпараттық технология күн емес сағат сайын өзгеріп таң қалдыруда. Әрбір жаңалық ашылған сайын адамдардың бір іс-әрекеті қысқарады. Бұрын қадамдап жүзеге асырған жұмысымызды бүгінде техника бір-ақ сәтте көзді ашып-жұмғанша орындайды. Айталық, бұрын қарапайым адамдар үшін бірінші басшыға кіру үшін ай бұрын жазылып, кезекке тұру қажет еді. Ал қазір үйден шықпай-ақ өзіңізді толғандырған сұрағыңызды қағаз бетіне түсіресіз де өзіңіз қалаған басшының электронды мекен-жайына жолдай саласыз. Бұл ретте сізге электронды үкімет порталы көмекке келеді. Ал бірінші басшыға берген сұрағыңыздың жауабы сіздің электронды порталдағы «жеке кабинетіңізге» келіп түседі. Ол үшін электронды Үкімет порталына тіркелесіз. Тіркелу екі нұсқада жүреді. Уақытша тіркелу және ЭЦҚ арқылы тіркелу.
Порталға уақытша тіркелген жағдайда сіз тек қана төлемдер жүргізу, өзіңізге қажетті ақпарат алу қызметтерін ғана ала аласыз. Ал, Электрондық цифрлық қолтаңбаңыз бар болған жағдайда Электронды Үкімет порталы арқылы ұсынылатын қызметтер түрін толыққанды пйдалана аласыз. Электронды Үкімет порталына Электрондық цифрлық қолтаңба арқылы тіркелген сәттен бастап сіздің жеке кабинетіңіз ашылады. Сұрау салған ақпараттарыңыз жеке кабинетіңізге түсіп отырады.
«ХҚКО» РМК Қызылорда облысы бойынша
филиалының баспасөз қызметі