ЖАСТАР САЯСАТЫ ОБЛЫСТА ҚАЛАЙ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА?
2005 жылдан бастап Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен құрылған көшбасшы жастар ұйымы «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары 9 жылдан бері Қызылорда өңірінде де белсенді қызмет атқарып келеді.
2013 жылы оған 500 сарбаз тартылса, биыл 1000 сарбаз еңбек майданына атсалысты. «Жасыл ел» тек қана аймағымыздың көгалдануына үлес қосып қана қоймай, ортақ шаңырағымыз – Қазақстанның өркендеуіне, жаңа буынды тәрбиелеуге септігін тигізуде. Жастар арасында жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында студент құрылыс жасақтары қатарына былтыр 150 жас тартылса, биыл бұл көрсеткіш еселене түсті.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес республика көлемінде 2009 жылдан бастап «Дипломмен ауылға» бағдарламасы қолға алынды. Бағдарламаның негізгі мақсаты – ауылдық елді мекендерге білікті мамандарды тарта отырып, оларды ынталандыру және сонда тұрақтандыру. 2013 жылы бағдарлама шеңберінде көтерме жәрдемақы алуға жоспарға сәйкес 372 маманға 115,1 млн. теңге көтерме жәрдемақы бөлініп, 372 маманға 114,9 мың.теңге төленді. Оның ішінде: білім саласы – 241 маман (64,7%); денсаулық сақтау саласы – 101 маман (27,1%); әлеуметтік қамсыздандыру саласы – 6 маман (1,6%); спорт саласы – 5 маман (1,3%); мәдениет саласы – 3 маман (0,8%); ветеринария саласы -16 маман (4,3%).
Ал тұрғын үй сатып алуға немесе салу үшін жоспар бойынша 332 маманға 862,0 млн. теңге көлемінде несие бөлініп, нәтижесінде 351 маманға 861,2 мл.теңге несие берілді. Оның ішінде: Білім саласы – 207 маман (58,9%); денсаулық сақтау саласы - 116 маман (33%); спорт саласы – 3 маман (0,85%); мәдениет саласы - 4 маман (1,13%); әлеуметтік қамсыздандыру саласы –5 маман (1,42%); ветеринария саласы – 16 маман (4,55%).
2014 жылы көтерме жәрдемақы алуға жоспар бойынша 602 жас маман (175 млн 333 мың), тұрғын үй алуға және сатып алуға жоспар бойынша 449 маманға (1 млрд. 165 млн 828 мың) қарастырылуда.

Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы