МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ ИМИДЖІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Тәуелсіздік алған жас мемлекетіміз басынан өткерген өтпелі кезеңдерінде елдің басына түскен ауыртпалықты олармен бірдей көтеріп, елдің ынтымағын сақтай отырып, аман есен шығып ұйымдастырушылық роль атқарған мемлекеттік қызметкерлер болғанын ұмытпауымыз керек. Сол кездері жаңа қоғамды басқару үшін мемлекеттік қызметшілердің жұмысына бағыт-бағдар берген «Мемлекеттік қызмет туралы» заң болды.Сондықтан, осы заңның көлемінде мемлекеттік қызмет реформаларына жаңаша бет бұрыс алып, жаңа талаптар деңгейінде жұмыстар жүргізілді.
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында ұзақ мерзімді басымдықтардың бірі кәсіби мемлекетті құру болып белгіленген. Біздің мемлекетіміздің алдында тұрған кәсіби жоғары мемлекеттік қызметті және басқарудың тиімді құрылымын құру ісіндегі міндеттерді іске асыру, көбінесе мемлекеттік қызметшінің кәсіптілігіне негізделеді. Президент Н.Ә.Назарбаев елді тиімді басқару үшін мемлекеттік қызметшінің негізгі қасиеттеріне моральдық жоғары жауапкершілік, кәсіптік білім, білімін тәжірибеде қолдана білу, адалдық, ақ ниеттілік, белсенді өміршеңдік ұстаным болуға тиісті екенін атап көрсетті. Яғни, мемлекеттік қызметтегі әрбір адам өз жұмысының барлық жауапкершіліктерін сезіне білу және өз елінің патриоты болуы қажет.
Мемлекеттік жүйені дамытудағы басым бағыттардың бірі Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшісінің жағымды имиджін қалыптастыру және нығайту болып табылады. Мемлекеттік қызметшісінің жағымды имиджін қалыптастыру және нығайту, өзекті құзыреттерді меңгеру және оларды жүзеге асыру қабілетіне тыңдаушы сана-сезімінің ерекше құрылымы себепші болады. Оның құзыреттілігін білу, түсіну, қызмет амалдарын меңгеру, болжау, әрекет ету, өз іс-әрекеттерін рефлекстеу және өзінің қызметтік процесінде солар үшін жауапкершілік алу сияқты әмбебап қабілет ретінде көрініс береді.
Мемлекеттік қызметшіге іскерлік қатынаста ұсынылатын негізгі талаптар мыналар болып табылады: жайдарылық (адамдармен тез тіл табыса білу қабілеті), елгезектік (өзгенің қуанышы мен қайғысын бөлісе білу қабілеті), сезімталдық (басқа адамды түсіне білу қабілеті) және шешендік (сөзбен әсер ете білу қабілеті) сияқты қасиеттер. Бұл қасиеттер "адамдарға ұнай білу" ұғымымен білдіретін табиғи қабілеттер жиынтығын құрайды. Аталмыш қабілеттерді меңгеру және оларды дамыту үшін ұдайы жаттығулар жасау жеке бедел-бейнені табысты қалыптастырудың кепілі.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшінің көпшілікпен араласа білуі, қоғамда өзін ұстай білуі, кеңестер, іскерлік әңгімелесулерді өткізуі, телекамералардың алдында сабырлықты жоғалтпауы, баспасөз өкілдерімен және дипломатиялық корпуспен қатынас ептерінің болуы да талап етілінеді.
Мемлекеттік қызметшінің жағымды имиджін қалыптастыру процесі атқарушы биліктің бедел саясатымен тығыз байланысты.
Мемлекеттік қызметшінің жағымды имиджіне қойылатын негізгі ережелер Қазақстан Республикасының «Ар-намыс» Кодекісінде анықталған, онда былай деп белгіленген: ”Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тараптарынын ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің адамгершілігіне және моральдық-этикалық бейнесіне жоғарғы тараптар қояды». Мемлекет бұл бағытта мақсатты жұмыс істеуде.
Мемлекеттік қызметшінің жағымды имиджін қалыптастыру және нығайту барысында, мемлекеттік қызметтегі әрбір адам өз қызметінің барлық жауапкершілігін толықтай сезініп, қызмет амалдарын жетік меңгеріп, өз ісінің білікті маманы болуы қажет.
Асыл ИЗТЕЛЕУОВА,
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотының бас маман-сот
отырысының хатшысы