ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛДІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысы негізінде «Болашақ жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдаструымен әскер қатарына шақырылған азаматтар мен жастар арасында дөңгелек үстел өтті. Шараға «Болашақ жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бауыржан Мастеков, Облыстық қорғаныс істер жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Ерлан Мұратбай, Ауған соғысы ардагерлер қоғамының төрағасы Қайрадин Баймаханов, Облыстық ардагерлер кеңесінің жастармен жұмыс жасайтын бөлімінің жетекшісі Арғын Садықұлы, әскер қатарында жүрген сарбаздар мен әскерге аттанушы сарбаздар және олардың ата-аналары қатысты.
Шараның мақсаты - әскерге шақырушылардың бойында Отанына беріктігін азаматтық борышын өтеуге, Конституциялық міндетін орындауға даярлығын және жоғары патриоттық сезімін қалыптастыру, Отан қорғаушы сарбаздардың күнделікті тыныс-тіршілігін көрсете отырып, әрбір жастың Отан алдындағы борышын сезіндіру,өскелең ұрпақты өз елінің нағыз патриоты болуға шақыру.
Шара барысында «Болашақ жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бауыржан Мастеков алғы сөзді сөйлеп, келген қонақтарға және жас сарбаздар мен ата-аналарға елімізде қазіргі таңда әскерге және әскер қатарында жүрген сарбаздарға көрсетіліп жатқан қолдаулар мен жеңілдіктер туралы тілге тиек етті. Облыстық қорғаныс істер жөніндегі департаменті бастығының орынбасары, подполковник Ерлан Әбілқасымұлы қазіргі таңда әскери тәртіптер жайында сөз бастап және әскери өмірде сарбаздар үшін атаулы әлеуметтік жағдайлар, тамағы мен киімдері және т.б барлық жеңілдіктер қарастырылғандығын айтып өтті. Одан әрі облыстық ардагерлер кеңесінің жастармен жұмыс жасайтын бөлімінің жетекшісі Арғын Садықұлы мен Ауған соғысы ардагерлер қоғамының төрағасы Қайрадин Баймахановтың ой-пікірлері бір жерден шығып, өткен шақтағы әскер мен қазіргі таңдағы әскердің салыстыруға келмейтінін жеткізді. Себебі кезіндегі әскер қиыншылықпен, соғыспен өткендіктен жағдайлар қарастырылмағанын жеткізіп, қазіргі әскердегідей мүмкіндіктер болмағанын айт ты. Яғни әскерде заманымен өзгерді деп өз сөздерін толықтырды. Одан соң әскер қатарында борышын өтеп жүрген сарбаз бен әскерге аттанушы сарбаздар өзіндік ой-пікірлерімен алмасты. Әскер қатарына шақырылған азаматтардың бірі Әділ Ыбрахим.
«Мен үшін әскери борышымды өтеу үлкен абырой және әрбір азаматтың парызы» - деді ол өз сөзінде. Сонымен қатар ата-аналардың бірі Дүйсенкүл Ибраева 7 бала өсіріп отырғанын және сүт кенжесінің әскер қатарына баруына қарсы еместігін ал Анар Абсадыкова «Мен 3 қыздан кейінгі жалғыз ұлымды әскерге жіберейін деп отырмын. Себебі ұлымның елін, жерін қорғауға дайын болғанын қалаймын және әскери билет жұмысқа тұруына да қажет» - деген ақ тілектерін жеткізді.
«Болашақ жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бауыржан Мастеков шараға келген қонақтарға өз алғысын білдіріп, аттанушы сарбаздарға аман-есен қызмет етіп келуіне ізгі ниетін жеткізді. Шараның соңы естелікке суретке түсу рәсімімен аяқталды.
«Болашақ жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің
баспасөз орталығы