ҚАЗАҚША СӨЙЛЕУ ҰЯТ ПА СОНДА?
Қазіргі таңда қазақ тілі мәселесі – көптен қозғалып жүрген, толық шешіліп бітпеген көкейкесті мәселенің бірі.
«Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып саналатын қазақ тілін одан әрі дамыту үшін барлық күш-жігерімізді салуымыз керек. Сонымен бірге елімізде тұратын барлық ұлт өкілдерінің ана тілдерінде еркін сөйлей, оқи алуына, оны дамытуға қолайлы жағдай туғызуымыз керек», - деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, еліміздегі қазақ тілінің дамуына әрбір Қазақстан азаматы өз үлесін қосуы керек.
Қуанарлық жәйт, кейбір өзге ұлт өкілдері қазақ тілінде өзінің ана тіліндей таза сөйлейді. Ал қазақ тілінде бір ауыз сөз білмейтін қазақ баласының орысша сайрап тұрғанын көргенде қынжыласың. Осы кезде көкейіңе «бұған не себеп?» деген сауал келеді. Алдымен, қоршаған ортаның ықпалы. Дәлел ретінде айтсақ, қазақ мектептерінде оқитын балалар сабақ үстінде азды-көпті қазақша айтады. Сыныптан шықса болды, өздеріне қолайлы, сөйлеуге жеңіл орысшаларына басып жүре береді. Несін жасырайын, кейбіреулерінен «сен қазақ мектебінде оқисың ғой, неге қазақша сөйлемейсің?» деп сұрасаң, «қазақша сөйлеген ұят қой» дейтін де жастар бар.
Барлық тілді оқып жатқанда қазақ тілін оқу сонша қиын емес. Баршамыз бір тудың астында өмір сүріп жатқанда, мемлекеттік тілдің дәрежесін көтеру әрбір қазақстандықтың міндеті болуы керек. Барлық кінәні жастарға ғана артып қоймай, арамызда қазақша сөйлегеннен гөрі орыс тілінде сөйлегенді жақтап тұратындар аға-апаларымызда да барын жеткізгім келеді. «Біз 70 жыл бойы Ресеймен қатар болдық, қазақ тілінде сөйлескендерге ұрсып жатқан кездер де болған» деп ақталып жатады олар.
Барлығы орыс, ағылшын, тағы өзге ұлттардың тілдерін біліп жатқанда, қазақ тілін неге оқып, білмеске? Шет елдерге шығып, қыдырғысы келсе, басқа тілді үйреніп алар еді, неге қазақ тілін үйренбейді? Бұл жерде тек қазақ тілін біліп, басқа тілді үйренбе деген сөз емес, шет тілдерді де білу артықтық етпейді. Бірақ «өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» дегендей, ең бірінші, ана сүтімен бойына дарыған ана тілін үйреніп, оқып, қазақ тілінде сөйлеу – әрқайсымыздың парызымыз, міндетіміз. Ол үшін күнделікті өмірде қолданатын сөздерді қазақша айтып, қазақ тіліндегі сөздік қорымызды кеңейтіп, үйренушілерге қолдау көрсетіп отырсақ, нұр үстіне нұр болар еді.
«Мемлекет, ұлт болам десең, бірінші, тіліңді біл», «Тілі жоғалған ел - өзі де жоғалған ел» демей ме?! Сондықтан қазақ елінің өсіп-өнуі үшін, алдымен ана тілімізді құрметтеу керек, оны одан әрі дамыту керек, тілі жоқ ұлт ұлт бола алмайды.
Қазіргі таңда мемлекеттік тілді үйренушілерге, оқып жатқандар үшін мемлекет тарапынан көптеген көмектер көрсетіліп жатыр. Сондықтан еліміздің дамуына үлес қосам десеңіз, барлығымыз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, мемлекеттік тілдің мерейін жоғарылатайық.
Б.ИСАБЕКОВА,
Қызылорда облысы бойынша ХҚКО РМК филиалы
Қызылорда қалалық №1 бөлімінің инспекторы