ЖАҢА РЕДАКЦИЯДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕСТІК КОДЕКС
2015 жылы 31 қазан күні сот корпусы мен қоғам арасында бұқаралық ақпарат құралдары, интернет желілері арқылы талқылауға түскен Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің жаңа редакциясына қол қойылды.
Жаңа редакциядағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі 58 тараудан, 505 баптан тұрады және қолданысқа 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Жаңа редакциядағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 14 бабының 6 бөлігіне сәйкес, сот мәжілісіне дайындық барысы аяқталғаннан кейін тараптар мен іске қатысушы тұлғалар тарапынан сот ісін жүргізу тілінде дайындалмаған құжаттар сот ісін жүргізу тіліне аударылған түрде табыс етілуі тиіс.
Сонымен қатар, жаңа редакциядағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексімен кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың қарауына жатқызылған істер санаттары кеңейіп, инвестициялық қызметпен байланысы жоқ, инвестордың қатысуымен туындаған даулар бойынша соттылығы анықталған. Соның ішінде, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар жасы кәмелетке толмаған балаланың әкелігін анықтау және одан алимент өндіруден, жасы 14-тен асқан, 18-ге толмаған кәмелетке толмаған балалардың өз түсімдеріне өз бетімен билік ету құқығын шектеу немесе осы құқықтан айырудан, кәмелетке толмаған баланы толық әрекет қабілеттілігіне ие деп танудан, әкелікті анықтаудан және баланы асырап-күту үшін тұрақты ақшалай сомада не пайыздық мөлшерде алимент өндіруден, алимент мөлшерін төмендетуден, жасы кәмелетке толмаған балалардың тұрғын үй, еңбек құқықтарын қорғаудан туындайтын даулар бойынша азаматтық істерді қарайды.
Яғни, жасы кәмелетке толмаған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудан туындайтын дауларды кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың қарауына беру сәйкесінше осы санаттағы істердің сапалы қаралуына өз септігін тигізеді.
Азаматтық істердің соттарға ведомстволық бағыныстылығына да қатысты толықтыру еніп, қылмыстық істі қарау барысында қылмыстық қудалау органымен, мүлікті тәркілеу, заңсыз жолмен алынған немесе заңсыз жолмен түскен қаражаттарға алынған, қылмыс құралы болып табылатын мүлікті мемлекет пайдасына аудару жөнінде сот үкімі негізінде, әкімшілік құқық бұзушылық құралы болып табылатын мүлікті тәркілеу туралы сот қаулысының негізінде салынған тыйым салулардан босату туралы істер азаматтық сот ісіні жүргізу тәртібімен қаралмайтыны айқындалып, бекітілген.
Жаңа редакциядағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде өзара байланысты бірнеше істің соттылығына қатысты толықтырулар енгізілген. Нақтылап айтып өтер болсақ, қылмыстық істен туындайтын талап, егер ол қылмыстық іс жүргізілген кезде азаматтық талап қою ретінде мәлімделмеген немесе шешілмеген не сотпен қараусыз қалдырылған болса, бас бостандығынан айыруға сотталған сотталушының сотталғанға дейін тұрғылықты жеріне немесе талапкердің тұрғылықты не орналасқан жері бойынша қойылады.
Жаңа редакциядағы азаматтық процестік заңнамасының іс жүргізу құқық мирасқорлығына да қатысты толықтыру енгізіліп, даулы құқық қатынастарынан тараптардың біреуі бірінші және апелляциялық сатыларда шығып қалған жағдайларда, Кодекстің 272 бабының 1 бөлігінің 1 тармағына сай іс бойынша өндіріс тоқтатыла тұру қажеттілігі бектіліген. Егер сот актісін қайта қарау сатысында, кассациялық инстанцияда даулы құқық қатынастарынан шығып қалған тараптардың және іске қатысушы тұлғалардың сот актілерін қайта қарау туралы өтініштері қараусыз қалдырылуы тиіс. Бұл жағдайда өтініш құқық мирасқорымен қайта берілуі мүмкін.
Жаңа редакциядағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде прокурордың іске қатысу санаттары да біршама азайды. Жаңа редакциядағы Кодекс бойынша прокурордың азаматтық сот ісін жүргізуге қатысуы бұл прокурордың осы іске қатысу қажеттілігін сот және прокурор таныған жағдайларда, сондай-ақ мемлекеттің мүдделерін қозғайтын, өздерін қорғау мүмкіндіктері жоқ жағдайларда, азаматтардың және қоғамдық мүдделерді қорғау қажеттілігі туындаған жағдайда, міндетті.
Қабылданған жаңа редакциядағы кодексте сотта тапсырма бойынша өкілдік ете алатын тұлғалардың құрамы нақтыланған. Кодекстің 58 бабымен заңмен, жарғымен немесе ережемен басқа адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау құқығы берілген ұйымдардың уәкілетті адамдардың қатысу мүмкіндігі шектелген.
Сондай-ақ, азаматтық істерді сотта қарау барысында тараптар мен іске қатысушы тұлғалардың дәлелдеме табыс ету тәртібі реттелген. Соның ішінде, Кодекстің 73 бабына сәйкес, тараптар мен іске қатысатын басқа да тұлғалар дәлелдемелерді істі сот талқылауына дайындау сатысында бірінші сатыдағы сотқа ұсынады. Егер дәлелдемелерді ұсынған тұлғалар оларды істі сот талқылауына дайындау сатысында ұсынудың мүмкін еместігін негіздесе, дәлелдемелер сот талқылауы сатысында ұсынылуы мүмкін.
Сонымен қатар, жаңа редакциядағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 76 бабы, яғни дәлелдемелерден босатудың негіздері ретінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10), 11) және 12) тармақшаларында және 36-бабында көзделген негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған тұлға жасаған іс-әрекеттің азаматтық-құқықтық салдары азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен талап қою кезінде қайта дәлелденбейтіндігі нормасымен толықтырылды.
Сондай-ақ, талап қою бағасын анықталуға және мемлекеттік баж мүліктік дау есебінде төленуге жататын істер саны артты, соның ішінде абыройын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін түсіретін мәліметтерді таратудан келтірілген моралдық зиянды өтеуді ақшалай мәнде өндіріп алу туралы талап қоюларда – өндіріп алу талап етілген сомамен; іскерлік беделді түсіретін мәліметтерді таратудан келтірілген залал сомасын өндіріп алу туралы талап қоюларда – өндіріп алу талап етілген сомамен; жылжымайтын және жылжитын мүлікті cатып алу-сату, кепіл, сыйға тарту шарттарын, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 157-бабының үшінші бөлігінде белгіленген тәртіппен мәмілелер бойынша барлық алынған мүлікті кейіннен қайтаруға байланысты өзге де шарттарды жарамсыз деп тану туралы талап қоюларда –мүліктің сотқа талап қою берілген күнгі нарықтық құнымен анықталады.
Жаңа редакциядағы Кодексте (120 бап) сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін жауапқа тарту тәртібі де өзгерді. Сот отырысында сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісі анықталғандығы туралы осы бұзушылық анықталған сот отырысының процесін тікелей жүргізуші судья (сот құрамы) құқық бұзушыға дереу сот отырысында сот кеңесу бөлмесіне кетпестен жариялайды. Осы факт сот отырысының хаттамасында тіркеледі. Бұл ретте әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалмайды. Сонымен қатар, егер сотқа құрметтемеушілік сот отырысында білдірілсе және тәртіп бұзушы сот отырысының залынан шығын кеткен жағдайда, сот отырысынан тыс сотқа құрметтемеушілік білдірілмеген кезде, сондай-ақ, егер сот отырысына келуден жалтару белгіленсе, сот приставы немесе соттың өзге жұмыскері сот төрағасының немесе сот отырысына төрағалық етушінің ауызша өкімі бойынша құқық бұзушылық туралы хаттама жасайды, бұл туралы құқық бұзушылық туралы хаттамада көрсетіледі. Құқық бұзушылық туралы хаттама осы баптың төртінші бөлігінде көзделген жағдайларда қажетті материалдармен бірге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген соттылыққа сәйкес қарау үшін сотқа жіберіледі.
Судьяның арызды қабылдаудан бас тарту туралы немесе кері қайтару туралы ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа шағым берілуі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады. Яғни, бұл өзгеріс сот актісімен келіспеген жағдайда, мүдделі тұлғаның шағымдану құқығын жүзеге асыруға бағытталған.
Сонымен қатар, оңайлатылған тәртіпте қаралуға жататын істердің санаттары көбейген және оңайлатылған тәртіп бойынша қабылданған сот шешімдерін шағымдану тәртібі өзгерген. Яғни, жауапкер оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен шешім шығарған сотқа сот шешімінің көшірмелерін алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы шешімнің күшін жою туралы арыз беруге құқылы. Арыз, егер жауапкер талап қою арызының келіп түскені және оның оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралатыны туралы тиісті түрде хабарландырылмаған және пікірді, сондай-ақ шешімнің мазмұнына әсер ете алатын дәлелдемелерді ұсына алмаған жағдайда беріледі. Шешімнің күшін жою туралы арыз осы баптың екінші бөлігінде көзделген талаптар ескеріле отырып, осы Кодекстің 21-тарауында белгіленген қағидалар бойынша қаралады. Шешімге осы шешімнің күшін жою туралы арыз беру мерзімі өткен соң, ал егер арыз берілген жағдайда – сот осы арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарғаннан кейін бір ай мерзім ішінде апелляциялық тәртіппен тараптар шағым жасауынемесе прокурор наразылық білдіруі мүмкін.
Сот тапсырмасын орындау мерзімі аталған құжат сотқа келіп түскен күннен бастап 10 (он) күндік мерзімнен 1 (бір) айлық мерзімге ұзартылған.
Жаңа редакциядағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде талап арызды (арызды) сот өндірісіне қабылдау мәселесіне қатысты өзгерістер енгізілген. Судья талап қою арызы келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны соттың іс жүргізуіне қабылдау туралы мәселені талап қою арызы келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде шешеді. Талап арызды қайтару, қабылдаудан бас тарту мәселесі де Талап арызды (арызды) талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, қозғалыссыз қалдырып, кемшіліктерді жою үшін мерзім беру нормасы алынып тасталған.
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 153 бабына сәйкес, егер жауапкер істі дайындау сатысында істі сот талқылауына дайындау уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарланбауы себебінен сот талқылауына қатыспаса, сот талқылауы барысында қарсы талап қою қабылдануы мүмкін.
Істі сот талқылауына дайындау мерзімі де ұзартылған. Оған сәйкес, азаматтық істерді сот талқылауына дайындау, егер осы Кодексте және басқа да заңдарда өзгеше белгіленбесе, талап қою арызы соттың іс жүргізуіне қабылданған күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс. Сот Кодекстің істі сот талқылауына дайындау барысында 165 бабының талаптарын орындауға міндетті.
Ерекше іс жүргізу және ерекше талап қоюмен іс жүргізу тәртібімен қаралатын істер бойынша сот арыз қабылданған уақыттан бастап 10 жұмыс күні ішінде сот мәжілісіне дайындық жүргізеді.
Сонымен қатар, ерекше іс жүргізу тәртібімен қаралатын істер санатына қосымша он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағанды өз табысына өз бетінше билік ету құқығын шектеу туралы немесе одан айыру туралы; кәмелетке толмағанды әрекетке толық қабілетті деп жариялау (эмансипация) туралы; азаматты туберкулезден, алкоголизмнен, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы; астық қабылдау кәсіпорнын немесе мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды енгізу, мерзімінен бұрын аяқтау және оның мерзімін ұзарту туралы; интернет-казиноны, Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетін ақпаратты қамтитын шетелдік бұқаралық ақпарат құралының өнімін заңсыз деп тану туралы істер енгізілді.
Апелляциялық шағым беру мерзімі түпкілікті шешім қабылданған уақыттан бастап 1 ай мерзім ішінде берілуі мүмкін.
Т.ЖҮСІПОВ,
Қызылорда қалалық сотының судьясы