ЖҰМЫСШЫ ЖАСТАРҒА ЕҢБЕК ТӘРТІБІ ТҮСІНДІРІЛДІ
Жұмысқа орналасар кезде әрбір адам үшін алдымен жеке еңбек шартымен танысып, жұмыс берушімен жазбаша келісім бойынша жұмыс жасау маңызды. Алайда көпшілігіміз әйтеуір жұмысқа қабылдансақ болды деп, қуанғанымыздан төбеміз көкке бір елі жетпей, көп нәрсеге мән бермейтініміз рас. Ал осы немқұрайлықтың кесірінен өзіміз кейінен опық жеп қаламыз. Сондықтан жұмысқа қабылдану барысында кейбір заңдылықтардың уақытында орындалу керектігіне баса назар аударған жөн.
Осы бағытта қалалық ішкі саясат бөлімі мен «Болашақ жастары» жастар қоғамдық бірлестігі облыс әкімінің қолдауымен салынып жатқан ойын алаңдарындағы жұмысшы жастар арасында «Өз құқығыңды біл!» деген атпен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оған арнайы сала мамандары да жұмылдырылды. Қоғамда уақытша жұмысқа қабылданып, не айлығын ала алмай, не еңбек өтілімі саналмай, аяғы үлкен дауға ұласып жататын кездер аз емес. Мұндай жәйттар көбінесе құрылыс алаңында көптеп кездеседі. Осы себептен бірлескен насихаттық топ өкілдері де бағытты алдымен «Шұғыла» мен «Мерей» мөлтек аудандарындағы ойын алаңдарынан бастауды жөн көрді.
Бүгінде аталмыш ойын алаңдарының құрылысын «Шын-Есен» ЖШС жүргізуде. Олардан бөлек, мұнда үлкен көлемде тапсырыс алып, сол бойынша жалдамалы жұмысшы ретінде оннан астам адам еңбек етуде. Олардың айтуынша, әзірге жұмыс берушімен араларында ешқандай қиындық жоқ. Осы уақытқа дейін жұмыс берушімен екіжақты келісіп, жұмысшыларға алдын ала ақша төленіп, бекітілген мерзімге дейін жұмысты аяқтауды өз мойындарына алған. Бірлестік төрағасы, қалалық мәслихат депутаты Бауыржан Мастеков құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында көптеген шаралар атқарылып жатқанын және жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы еңбек шарты басты құжат болып табылатынын тілге тиек кетті.
Арнайы сала мамандары қатысқан шарада облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасының инспекторы Абылай Саржанов еңбек шарты туралы толық ақпарат берді. Айтуынша, еңбек шарты екі дана болып дайындалады, оның біреуі жұмыс берушінің, ал екіншісі қызметкердің қолында болуы тиіс. Онда жұмыс беруші және қызметкердің барлық құқықтары мен міндеттері жазылған. Барлық талаптар сол бойынша жасалуы тиіс. Егер қызметкердің құқығы бұзылған жағдайда үш күннің ішінде жұмысшының ескерту жасауға толық құқығы бар. Сонымен қатар еңбек шартының көшірмесі еш уақытта расталмайды.
Ұйымдастырушылар дайындаған арнайы еңбек шарты жайлы әдістемелік нұсқаулық таратылды. Оның ішінде еңбек шарты жайлы толық ақпараттандырылған және еңбек шарты бұзылған жағдайда қайда хабарласуға болатыны көрсетілген. Сонымен қатар аталмыш мекемелердің сенім телефондары қамтылған.
Еңбек шарты азаматтардың еңбек ету құқығын жүзеге асырудың ең негізгі нысаны болып табылады. Сондықтан әрдайым құқықтық тұрғыдан сауатты болғанымыз абзал. Бұл тек бастапқы жұмыстар осы бағыттағы шаралар әлі де өз жалғасын таба бермек.
«Болашақ жастары» қоғамдық бірлестігінің баспасөз қызметі