ЖАСТАРҒА ЖАҒДАЙ ЖАСАҒАН БІРДЕН-БІР ЕЛ – ҚАЗАҚСТАН
Мектеп бітірген соң жоғары оқу орнына түсу арманым еді. Ұлттық бірыңғай тестілеуден жақсы нәтижемен өтіп, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтына орыс тілінде оқытылмайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті мамандығына грантқа оқуға түстім.
Төрт жыл білім алып, диплом алдым. Оқу орнын бітірерде енді жұмысқа орналасу қиынға соғатын шығар деп ойлаған едім. Алайда, институт Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің сайтында жарияланған бос жұмыс орындарын ұсынды. Мен өз аймағыма қайтып барып еңбек етуге бел будым. Қазалы ауданындағы №249 мектеп-лицейге маман керегін біліп, институт басшысынан сұраныс алдым. Міне, мен осылай еш тамыр-таныссыз Елбасының қолдауының арқасында жұмысқа орналастым. Қазір Қазалы ауданындағы №249 мектеп-лицейде орыс тілі пәнінің мұғалімі болып еңбек етіп жүрмін.
«Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты кезекті Жолдауын ұжым болып талқыладық. Жолдауда Елбасының «Мен жастарымызды жұмысшы мамандығын белсенді меңгеруге шақырамын. Жұмысшы мамандықтарын меңгеру керек. Кезінде мен де жұмысшы киімін киюден бастадым, домна пеші от-жалынының жанында тұрдым. Үлгі алыңдар! Жылдар өтеді, бірақ осы өмірлік тәжірибелерің, сендер қандай өмір жолын таңдап алсаңдар да, міндетті түрде кәделеріңе жарайды» деген сөздері менің жігерімді жани түсті. Білім ордасының басшысы Күлзипа Бержанқызы еліміздегі білім саласының жетістіктерін Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының сарабдал саясатымен сабақтастырады. Ел жастарының білім алып, еңбек етіп, жоғары нәтижеге қол жеткізуі – жастарға жасалған жағдайдың жемісі. Расында да, біздің зор білім алып, жақсы еңбек етуімізге жағдай жасалған. №249 мектеп-лицейіне жұмысқа қабылданғаныма көп бола қоймаса да, мектеп басшысы жас мамандарға үнемі қолдау білдіріп отырады. Ардагер ұстаздар да үнемі бағыт-бағдар беруден аянып қалмайды. Мемлекет басшысы кезекті Жолдауында: «Білімді, еңбекқор, бастамашыл, белсенді болуға қазірден бастап дағдыланыңдар. Жұмыс пен сұраныс бар өңірге батыл барыңдар. Шеберліктің шыңына жете білсеңдер мамандықтың бәрі жақсы. Қазір техникалық мамандықтардың, ғылым мен инновацияның күні туған заман. Ерінбей еңбек еткен, талмай ғылым іздеген, жалықпай техника меңгерген адам озады. Тұрмысы жақсы, абыройы асқақ болады. Біз жүзеге асырып жатқан түбегейлі реформалар мен атқарып жатқан қыруар істердің бәрі сендер үшін, болашақ үшін жасалуда», - деп, бізге – жастарға өсиет айтты. Мен үшін Ұлт көшбасышысының жастарға қарата айтқан әрбір сөзі – болашаққа қадамымды нықтай түсетін айқын мақсаттар.
Елбасы өз Жолдауын «Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік Ел болу үшін бізде бәрі бар. Тәуелсіздіктің туын желбіретіп, тұғырын нығайтқан біздің тарих алдында жүзіміз жарқын! Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік!» деген жалынды сөздермен аяқтады. Мемлекет басшысының бұл сөздері менің жұмысыма да соны серпін беріп, алға жетелейді. Мен мықты кадр болып қалыптасып, шәкір тәрбиелеуде оң нәтиже көрсетуім керек. Ендеше, еңбек ертеңгі күнімізді нұрландырсын!
Айнұр ІСКЕНДІРҚЫЗЫ,
№249 мектеп-лицейде орыс тілі пәнінің мұғалімі,
Қазалы ауданы